Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13616
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
 

Марафон жүгірісі 

 

Марафон жүгірісі, 42км 195м. қашықтыққа жүгіруден жарыс. Өзінің 

бастауын  Афины  қаласының  солтүстігінде  орналасқан  марафон 

жазығынан  алады.  Б.э.д.  490  жылы  осы  арада  гректер  мен  парсылардың 

арасында  үлкен  қанды  ұрыс  өтеді.  Парсы  әскерлерінің  сан  жағынан 

көптігіне өз Отандарының тәуелсіздігі үшін шайқасқан эллиндер жеңіске 

жетеді. Грек әскерлерінің қолбасшысы Мильтиад осы қуанышты хабарды 

Афины қаласына жеткізу үшін ең желаяқ сарбазы Фединиксті жұмсайды. 

Фединикс  Афиныға  жүгіріп  жетеді  де,  тек  қана:  «Неикамен!»  (Біздер 

жеңдік!) деген сөзді айтуға шамасы жетіп, құлап түседі де жан тапсырады. 

Афинф мен Марафон жазығының арасында 42 км. қашықтыққа қашықтық 

42 км 195 м болып бекітіледі.  

Марафон жүгірісінде сөре мен мәре бір жерде ойындар ашылған және 

жабылатын  стадионда  өтеді.  Жол  бойындағы  16,21,26,32,37  км-ге 

жүйріктерге  сұйық  түрінде  көміртекті  заттар  мен  витаминдерден  тұратын 

сусын  беріледі.  Өте  ұзақ  қашықтықтарға  жарысу  жүйріктерден 

шыдамдылықты    ол  үшін  артық  қимыл  жасамауды,    бойындағы  қуатты 

үнемдеуді, бұлшық  еттердің қатаюы мен босаңсу жиілігін қатаң сақтауды, 

әр адымның ұзындығы мен реттілігін біркелкі ұстауды, жүгіру кезінде секіру 

күшін,  қажыр-қайратын  көрсетуді    талап  етеді.  Республиканың  В.Краузе 

(1973),  Ю. Лаптев  (1978), И.  Пенцин  (1975, 1977)  сынды  марафоншылары 

КСРО-ның чемпиондары атанды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет