____________________________________________________________________
№6-МӘТІН. ЖЕЙДЕЛЕР
Өздеріңізге жейдені фирмалық белгі бойынша таңдамаңыздар
Жейдедегі фирмалық белгі және биркада көрсетілген жоғары баға тек бір
бұйымның сапасын білдіреді.
Қалай болғанда да, жейде шығаратын фирмалар сіздің дәл осылай
пайымдауларыңызды қалайды.
Бірақ әмбебап сауда үйлері мен дүкендерде төмен бағамен, мысалы 900
теңгеге, сатылатын арзан жейделер 5000 теңге немесе одан да қымбат
тұратындарынан анағұрлым жақсырақ болып шығуы мүмкін екені белгілі.
Тұтынушылар Қауымдастығы берген мәліметтер бойынша бұл арзан
жиделер тек жақсырақ тігілген ғана емес, олардың киілу мерзімі де ұзақрақ және
машиналық жуудан кейін түрін жақсырақ сақтайды. Эксперимент үшін ер
адамдардың 27 ақ жейдесі таңдалынып алынды, олар матаның, ілгектердіңжәне
тігісінің сапасы бойынша салыстырылды.жағалары мен жеңдерінің пішімі
дәлдігін бағалау үшін мұқият өлшеулер жүргізілді, сондай-ақ күнде кейгеннен
кейін жағасы мен манжеті қалай көрінетінін анықтау үшін эксперимент
жүргізілді.
Жейделер 25 рет жуылды, яғни олардың әдетте 6 ай ішінде қанша рет кірін
жуса, сонша рет, ал содпн кейін отыруы мен бүлінуі тестіленді.кәдімгі әмбебап
дүкендер мен жай дүкендерден сатылып алынған жейделер жақсы сапаға ие
екені анықталды. Тұтас алғанда, «Ерлер киімі», «Салтанат», «Дәулет»
дүкендерінен сатылып алынған жейделер әйгілі сәнгер Т.Клейн и Валентино К
о
фирмалық дүкендерде ұсынатын құны 5000-7000 теңгелік жейделерден
жақсырақ болып шықты.
Тұтынушылар қауымдастығының мүшесі Торғын Оңғарова былай деп
мәлімдеді: «Тіпті егер бюджетіңіз шамалы болса да, сапалы заттардан бас
тартудың қажеті жоқ. Біздің тестілерімізде 25 рет жуылғаннан кейін ең көп балл
алған кейбір жейделер фирмалық дүкендерден емес, кәдімгі әмбебап
дүкендерден сатылып алынды, олардың бағасы фирмалықтардан төмен болды».
Жүргізідген зерттеулер полимақталық матадан тігілген бұйымдардың
ішінде бағасы 1400 теңге тұратын «Дәулет» (Т45 Классикалық), мата мақтадан
23
тігілгендердің ішінде 4100 теңге тұратын «Салтанат С» жейделері ең жақсы
екенін көрсетті.
Құрамында мақта бар жейделердің ішінде 1700 теңге тұратын «Салтанат Д»
бұйымы мен қыртысталмайтын ол да 1700 теңге тұратын «Жетісу» жейдесі ең
жақсы болып шықты.
Бұл зерттеудің нәтижесі осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне
(имиджіне) екінші соққы берді.
Өткен айда Джеймс Бонд туралы кең көп тараған шиеленіскен сюжетті
«Ертеңгі күн ешқешан өлмейді» атты фильмді жасаушылар экран жұлдызы Пирс
Броснанға әдеттегі әмбебап дүкеннен сатып алынған, қымбат емес жейделер
кигізгені анықталды, өйткені, олардың пікірі бойынша, бұл жейделер экранда
фирмалық дүкендерден алынған жейделерге қарағанда, әлдеқайда жақсырақ
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |