Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігі



Дата28.04.2023
өлшемі33,34 Kb.
#88175
түріРеферат

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Пәні: “Химия фармацевтикалық өндірісінің процестері мен аппараттары”
Тақырыбы: “Сорғыштардың негізгі параметрлері: өнімділігі, қысымы, 
энергия шығыны.”
Орындаған:ТФП-313 Исмайлова Кумуш
Қабылдаған: Органика және полимерлер
кафедрасының оқытушысы
Насихатұлы Ермауыт

Қарағанды 2023


Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1 Сұйықтарды алмастыру.
2.1 Сорғыштардың түрлері.
2.3 Көлемдік насостар
2.4 Центрден тепкіш насостар
2.5 Құйынды насостар.
2.6 Монтежю
2.7 Ағынды насостар
III.Қорытынды
IV.Әдебиеттер тізімі

1
1.Сұйықтарды алмастыру.


Сұйықтарды алмастыру құбырлар арқылы жүзеге асырылады; мұнда қозғаушы күш құбырдың басы мен соңғы бөліктеріндегі қысымдардың айырымымен анықталады. Жоғарғы денгейден төмеңгі деңгейге сұйық өз бетінше жылжиды: қажетті жылдамдык шамасына жету үшін және барлык кедергілерден өтуі үшін сұйық деңгейінің айырымы жеткілікті болуы керек.


Сұйықты төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге немесе көлденен жылжыту кажет болса, сорғыштар қолданылады. Сорғыштар дегеніміз сұйықты энергияға қосатын және қысымды көбейтетін гидравликалық машиналар.


2
2.1 Насостардың жұмыс принципіне байланысты сорғыштардың келесі турлері белгілі:


1. көлемдік сорғыштар сұйық кері-ілгермелі немесе айналмалы қозғалатын денелермен ығыстырылады;


2. қалақ тәріздес немесе ортадан тепкіш сорғыштар калак - тәріздес дөнгелектердің айналуынан сұйықта пайда болатын ортадан тепкіш күшпен ығыстыру;


3. құйынды сорғыштарда - жұмыс дөңгелектерінің айналуынан пайда болатын құйындардың қарқынды түзілуімен және ыдырауымен;


4. ағынды сорғыштарда- ауаның, будың немесе судың қозғалмалы ағынымен;


5. газлифттерде сұйыққа ауаны немесе газды беруінен - көбіктің пайда болуымен;


6. монмежю және сифондарда сұйыққа ауаның, газдың - немесе будың қысымымен.


3
2.3. Көлемдік насостар.


Көлемдік насостардың негізгі түрі - поршенді насостар. Бұл құрылғыларда сұйық насостың жабық кеңістігінен қозғалмалы қайтымды - үдемелі поршен, плунжер немесе мембрана арқылы ығыстырылады. Көлемдік насостарға сонымен бірге сұйық шестерен тістерімен, бұрандалармен, жылжымалы пластиналармен ығыстырылатын роторлы насостар да жатады.
Поршенды насостардың негізгі бөліктері болып:
1. насостын цилиндрі немесе корпусы;
2. поршень немесе плунжер;
3. клапандар табылады.

Әрекеті қарапайым насостар.


Мұндай насостарда біліктің бір айналымында немесе поршенның екі козғалысында сұйық бір рет цилиндрге сорылады және бір рет одан шығарылады.

Көлденен әрекеті карапайым поршенды насоста плунжердін оңға қозғалысында пайда болады. Сұйық атмосфералық қысым әсерінен сорушы түтік арқылы көтеріледі, осы кезде сорушы клапан ашылады да цилиндрді толтырады. Плунжер кері қайтқанда (сол жаққа) сорушы клапан сұйық қысымымен жабылады, ал айдаушы клапан ашылады да, сұйық айдаушы түтікке жылжиды.


Дифференциалды насостар.Мұндай типті насостарда сұйықты сору плунжердің немесе поршенның бір қозғалысында, ал айдау екі қозғалысында іске асырылады. Дифференциалды насостардың да көлденең және тік түрлері бар.


Поршенды насостар. Химиялық өндірісте поршенды әрекеті қарапайым, плунжерлармен қамтамасыздандырылған көлемдік насостар немесе басқаша айтқанда үш ретті әрекет ететін насостар кең тараған. Мұндай насос әрекеті қарапайым үш насостан тұрады, олар бір-біріне жақын тік немесе көлденең жазықтықта орналасқан және бір біліктің көмегімен жұмыс істейді. Біліктің тістері 120° бұрышпен орналасқан. Барлық үш насостар жалпы сору айдау түтіктеріне ие. Насостардын корпусы болат және шойын құймаларынан (үлкен кысымда жұмыс істеу үшін) немесе химиялық төзімді материалдардан -Ферросилдтен, керамикадан, Қышқылға тұрақты шойыннан және т.б. жасалынады. Насостың жұмысы кезінде корпусқа түскен ауаны толығымен жою мүмкіндігі және клапандарды қарастыру мүмкіндігі ескерілген.


4
Сұйықтарды жылжытуда плунжерлар - бос стакандар кызмет істейді. Олар цилиндрің ішкі бетіндегі нақты өңдеуді кажет етпейді. Поршенды насостарда табақты және сақиналы клапандар кең тараған. Олар орнынан насос поршены тудыратын сұйық ағыны көмегімен көтеріледі және пружинаның немесе сұйық массасының әсерінен түседі. Тұтқыр сұйықтар мен суспензияларды соратын насостарда оңай қозғалатын шарлы клапандар орналастырылады. Мұндай клапандар толығымен қоладан, шойыннан және басқа да материалдардан жасалады. Ластанған сұйықтар үшін лақтырушы клапандар колданылады, оларда сұйық өтетін кеңістік өте үлкен.
Клапан поршеннің қозғалыс заңы бойынша жилжиды, сондықтан клапаның қозғалыс жылдамдығы ауыспалы.

5
2.4. Центрден тепкіш насостар


Жұмыс істеу принципі. Бұл насостарда сұйықтардың сорылуы және айдалуы корпусқа орналасқан қалақтары бар дөнгелектер айналғанда пайда болатын центрден тепкіш күш әсерінен жүзеге асырылады


Химиялық өндірісте су центрден тепкіш насостардан басқа, тұтқырлығы жоғары, химиялык агрессивті немесе катты бөлшектері бар сұйықтарды сору үшін қажетті центрден тепкіш насостары да қолданылады. Сондықтан химиялық өндірістің центрден тепкіш насостарының құрылғыларына ұзақ жұмыс істеуі, жұмысқа сенімділігі, тасымалдау қарпайымдылығы сияқты талаптар қойылады.
Насостардын түрлері. Химиялық өндірісте кең таралған насостардың түріне химиялық тұрақты материалдан даярланған біржақты соратын, бір сатылы көлденең насостарды жатқызуға болады. Мұндай насостарды даярлау үшін құрылымдық материалдар ретінде қышқылға төзімді болаттар (ферросимид),кактанбайтын шойын, қорғасын, керамика және басқа да химиялық тұрақты материалдар қолданылады. Насостың ішкі бөліктерін коррозиядан қорғау үшін эбонитпен және резинамен каптайды.
Қышқылға төзімді болат құймада болат фланц көмегімен бұрандамен насос корпусы бекітілген, ол Ферросилидтен жасалған. Білік шарикті подшипникке центрленеді. Білік үшін қосымша подшипниктің рөлін сальник орындайды.
Қышқылмен тиіп тұратын біліктің бөлігі ферросилидті втулкамен қорғалған. Жұмысшы дөңгелек валға шпонка және тартқыш бұранда көмегімен бекітіледі. Екінші жағынан ол қабысып тұрған втульканын бүйір бетімен шлифталған. Салникті босату үшін жұмыскер донгелектін втулькасында қанатша бар. Оның көмегімен қышқыл сальниктен алынып насостың сору түтігіне жіберіледі. Сальник және насос корпусы негізгі плитадан сырт орналасқан, себебі плитаға қышқыл тамшылары тимеу үшін.
Сальникті насостар үшін оның құрылымының тиімділігінің үлкен мәні бар. Сальниктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін насос білігінің соқтығысын болдырмау керек және жұмыс сұйығының қысымын болдырмау керек. Бұл гидравликалық саңылауы бар сальникпен жүзеге асырылады. Сұйық (су, май) фонарь аркылы қысымның сальниктің ортаңғы бөлігіне келеді, үлкен қысыммен айдалатын сұйық вал бойынша екі жаққа да насос ішінен және сыртына барады, төменгі атмосфералық қысыммен теңеседі. Бұндай құрылғыдан толтырмаға түсетін қысымның әсері төмен болады. Толтырманы абсолютті герметивті болуына жету қиын. Көбінесе сақиналы куыс бар телкелер колданылады, мұнда қышқыл жиналады, толтырма арқылы өтетін қышқыл 3,4 саңылау арқылы сыртқа шығарылады.
6
Кей жағдайларда насостын білігі бойынша қышқылдың ағып кетуін
болдырмау үшін, насостың тығыздамасын (сальнигін) екі қабатта орналастырады. Кейбір насостар серіппелі тығыздамалар орнатылады.
Насостардын сальниктері үнемі қадағалауды кажет етеді және толтырманы жиі ауыстыру керек.Сондықтан қышқылдарды сору үшін сальниксіз насостар да колданылады. Мұнда (қышқыл) жұмыс дөңгелегінің артына түсетін қышқыл дөңгелек және корпус арасындағы саңылау арқылы қалақшаларға арнайы эжекторлы каналдарға қарай сорылады. Сору жүзеге асырылады, себебі дөңгелек артындағы қышқыл қысымы, оның маңайындағы қысымға тең.

7


2.5. Құйынды насостар.

Құйынды насостар құрылғысы бойынша центрден тепкіш насостардан аз ерекшеленеді, бірақ жұмыс істеу тәртібі бойынша айырмашылығы бар. Құйынды насос корпустан тұрады, мұнда көлденеңінен орналаскан білікте жұмыс дөңгелегі айналады. Ортадан тепкіш насостарға қарағанда мұндай насостарда сұйық бүйір каналдары бойынша сорылып және шығарылады. Жұмыс дөңгелегінің сыртқы беткі қабатында ұяшықтар бар, олар насостың жұмыс істегенінде сұйықпен толтырылып тұрады. Жұмыс дөңгелегін жоғары жылдамдықпен айналдырғанда ұяшықтардағы сұйық үйкеліс әсерінен бүйір канал арқылы сорылады, сұйықты еліктіреді және сұйықты жұмыс дөңгелегі мен насос корпусы арасындағы сақиналы кеңістіктен айдаушы каналға ығыстырады. Құйынды насостар куаттылығы үлкен емес құрылғыларда колданылады.


Олар тұтқырлығы төмен, абразивті қоспалары жок сұйықтарды сорғанда ыңғайлы. Бұл насостар центрден тепкіш насостарга карағанда бірдей жағдайда 2-10 есе көп күш алады, және жүру жылдамдығы жоғары.
Құйынды насостардың артықшылығы олардың құрылғысы карапайым, көлемі және салмағы үлкен емес; кемшілігі салыстырмалы төмен п.ә.к. (25-50%).
Құйынды насостарға тән ерекшелік болып өнімділіктің төмендеуімен ағын биіктігінің және қолданылатын күштің артуы табылады.

8
2.6. Монтежю


Химиялык агрессивті сұйықтарды салыстырмалы үлкен емес биіктікке (көтергенде) көтеру көбінесе Монтежю деп аталатын құрылғы көмегімен сығылған ауа (немесе инертті газ) арқылы жүзеге асырылады. Монтежю ретінде сығылған ауа немесе инертті газ келтірілетін көлденең немесе тік резервуарлар қолданылады.
Сұйық кранмен толтыру құбыры арқылы толтырылады. Егер сұйық монтежюға ықпалымен өзі түсетін болса, аппаратта атмосферамен жалғастыратын кран ашық тұруы қажет. Егер толтыру вакуум арқылы жүзеге асырылса онда, краннан басқа монтежюді вакуум насоспен жалғастыратын кран да ашық болуы керек, бұл жағдайда баска крандардың барлығы жабық күйінде болады. Монтежюдан сұйықты сығу сығылған ауа арқылы жасалынады оны кранды ашу арқылы жібереміз, бұған дейін әуелі крандарды жабу қажет. Ауаның келуін қол краны арқылы монометр көрсеткіші бойынша реттейді. Ауа қысымының әсерімен сұйық құбыр арқылы көтеріледі де, ашык кран арқылы айдаушы құбырға өтеді. Монтежю толық немесе бөліктеп босағаннан кейін кранды жауып, кран арқылы монтежюді атмосферамен жалғастырып қысымды босатады. Егер монтежюда сұйықтың бір бөлігі ғана сығылған болса, онда алдын ала айдаушы құбырда орналасқан кранды жабады. Монтежю көмегімен булары ауамен қоспасында жарылғыш және онай тұтанатын қоспа түзетін сұйықтарды көтергенде сығылған ауа орнына міндетті түрде инертті газдарды қолдану қажет, мысалы көмірқышқыл және азот.
Монтежю әдетті периодты түрде жұмыс істейді. Бірақ үздіксіз әрекет ететін монтежю құрылғылары да бар. Оларды пульсометрлер деп атайды. Монтежюдің артықшылығы оларда коррозиядан және үйкелістен тез булінетін қозғалыс бөлшектерінің жоқ болуы. Сондықтан монтежюді ластанған, сұйық қосындылары бар, сұйықтарды және агрессивті қышқылдар мен сілтілерді сорғанда қолданылады; гуммирленген. Бірақ, монтежю үлкен, тұрақты бақылауды қажет етеді және төменгі п.ә.к жұмыс істейді. Периодты жұмыс істейтін монтежюдің өнімділігі төмен, ал сұйықты үздіксіз жұмыста беру (автоматты Монтежю) біркелкі емес.

9
2.7. Ағынды насостар


Су буының конденсатымен араласа кететін сұйықтарды көтергенде бу ағынды насостары кеңінен колданылады. Бұларда сұйықты сору және көтеру жылдам ағып жатқан бу ағынының кинетикалық энергиясының қысымның потенциалды энергиясына айналуымен іске асырылады. Бу ағынды насостар инжекторларға (айдаушы) және эжекторларга (сорушы) бөлінеді. Бу инжекторында бу штуцер арқылы түседі және ол бу соплосы арқылы өтіп үлкен жылдамдыққа ие болады және бұдан кейін араласатын соплоға түседі. Осыған байланысты сорушы камерада қысым пайда болады және камераға штуцер арқылы сұйық сорылады.


Соплоға ену мезетінде бу сорылатын сұйықпен кездеседі және жоғары жылдамдыкпен оны кеңейетін соплоға (диффузор) алып кетеді.Диффузорда сұйықтың жылдамдығы қысымға айналады, ол конденсатпен бірге штуцер арқылы айдаушы құбырға жіберіледі.Инжекторды қоскан мезетте артық бу мен конденсатты соплолар мен штуцер арасындағы саңылау арқылы конденсант жолына әкетеді. Диффузор және конденсатты әкетуші құбыр кері клапандармен жабдықталған.

10
III. Қорытынды


Сорғыш сипаттамасы.


Сорғыштар мен тораптың (су өткізуші құбырдың) бірлескен жұмысы,


параллель жене тізбекті жұмыстары тұрғызылады. Сорғыштың маркасы мен типін таңдау тасушы беруінің негізгі шарттарын орындауға негізделген қажетті шығын мен арын. Өнімділігі Q және арыннан Н басқа айдауыштың жұмысын толық Н және пайдалы қуат N,пайдалы әсер коэффициенті п сипаттайды
Сорғыштарға мыналар қолданылады: -сорғыштың арыны Н-бұл меншікті қысқа құбырынан (сорғышқа кірет. Мергия сорғыштың соратын жері) айдауыштың қысқа құбырына дейінгі(сорғыштан шығатын жері) өсімі. Геометриялық талдауда (интерпритацияда) арын дегеніміз ол сұйықтың көтерілу биіктігі немесе арын көтеру қашықтығы,м;
-сорғыштың беретін (шығын) Q -бұл м³/с, м³/сағ,л/с уақыт бірлігінде соргышпен берілетін сұйық көлемі немесе сорғыштың өнімділігі;
-сорғыштың қуаты N қажетті арынның пайда болуына және кедергіні жеңуге қолданылады, кВт
-пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) қозғалтқыш тетіктің механикалық энергиясының сорғыш арқылы қозғалыстағы сұйықтың энергиясына айналуына байланысты шығынды ескереді және жұмысының басқа параметрлері өзгерген кездегі пайдаланылуының мақсатқа параметр болып табылады.
Сорғыштың маркасы мен типін таңдауда туындайтын ең негізгі есептің бірі оның толық арынын анықтау, соратын және айдауыш (арынды) құбырдағы арын жоғалуын анықтау болып табылады. Сорғыштың маркасы мен типін тандау үшін керекті есептік шығынға сәйкес өнімділігінен басқа оның толық арынын анықтау қажет.

11
IV. Қолданылған әдебиеттер:





  • ӘОЖ 66(075.8) КБЖ 35.115 я 73 Ж81 Ж87 Жұмағалиева Т.С. Химиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары,1 бөлім.

  • https://stud.kz/referat/show/54618#&gid=1&pid=2

  • https://www.ektu.kz/files/synergy/posobiye_EE_kz.pdf

  • https://libr.aues.kz/facultet/tef/kaf_teu/4/umm/teu_32.htm


12

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет