Құрылыс алаңына қойылатын талаптар
Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар.Өсімдік өнімдерін
өңдеу және сақтау жүмыстарын атқаратын кәсіпорындарды салуға кететін капиталдық және
эксплуатациялық шығын шамасы оны салуға арналған жерді дұрыс тауып пайдалануға
тиімді талаптарын дұрыс орындалуына өте тығыз байланысты болады. Салатын жер алаңын
мамандалған зерттеулерді жүргізіп оның техникалық және экономикалық жағынан орынды
болатынын дәлелдеу қажет. Қойманың бергі (5...15жыл) және алдынғы ұзақ кезеңде
(15...25жыл) аралығындағы өсуіне болжам жасауды талап етеді. Кәсіпорын салатын орын
оған жақын кәсіпорындармен (ұн, жарма, нан заводтары, макарон фабрикаларымен)
кооперативті байланыс болуын ондағы өндірістің жүруіне қажетті қүрылыс,
қондырғыларды бірлесе пайдалану жолдарын барлығына көп көңіл бөлінуге тиіс.
Жер алаңына мынандай талаптар қойылады:
-жер алаңы тегіс,оның бетіндегі жиналған сулар ағу үшін,белгілі,
-көлбеулі болуға тиіс; .
-алаңның көлбеулігі 0,003-тен 0,03 шамасында жәнет ранспорт жолдарына жақын
болғаны дұрыс; жерасты су екі метрден төмен болғаны жақсы; .
-жердің жүк көтеру шамасы (3...4)-10
4
Па (З...4кг/см
2
), яғни тығыздығы үлкен
салмақты элеватор құрылыс үйлерін шөкпей көтеріп тұруы қажет;
- кәсіпорын салатын жер алаңы ауылға немесе қала маңына жақын болғаны дұрыс;
- басты желдің бағыты қыс кезінде қоймалардың ұзындық бойымен бағытталған,
қарды және пайда болған шаңды, иісті өзімен алып экологиялық жағдайды жақсартады;
-кәсіпорын жер алаңы сумен, электр энергиясымен қажетті көлемде қамтамасыз етуге
ыңғайлы болуы тиіс.
Таңдап алынған жер алаңына геодезиялық зерттеулер жүргізіп, жаңа салынатын
кәсіпорынның орналасу жоспарын жасайды.
Кәсіпорындардың бас жоспары
Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері.
Бас жоспар кәсіпорынның негізгі, үйлер мен құрылыс объектілерімен, транспорт
жолдары тораптарынан, электроэнергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелердің
бір-бірімен тығыз байланысқан түрдегі орналасуын сипаттап көрсетеді.
Негізгі өндірістік объектілерге жататындар: элеватордың қабылдау және тиеу
қондырғылары, жай қоймалары, жұмысшы мұналары, астық кептіргіш қондырғылары,
ұн, жарма, құрама жем, нан заводтары, макарон заводтары, дайындалған өнім
қоймалары, лабораториялар, автомобиль, вагон таразылары.
Өндірістік қосымша объектілеріне жататындар: май, отын қоймалары,
трансформатор, насос станциялары, жер асты қоймалары, механикалық слесарь,
қаңылтыр жөңдеу бөлмелерері, электромонтаж жасау, ағаш бұйымдары шеберханасы,
тепловоз, автомобиль қоятын орындар, өрт депосы, химикат, ит сақтайтын бөлмелер.
Әр бөлімдегі қызмет жасау бағытындағы қоймалардың өзіндік бас жоспарларының
схемалық өзгешіліктері бар. (1-суретте көрсетілген).
|