Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Рециркуляциялық кептіргіштер



Pdf көрінісі
бет72/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Рециркуляциялық кептіргіштер. Рециркуляциялық астық кептіру технологиясы 
белгілі бір мөлшердегі сулы астықты құрғақ астықтың мол мөлшерімен араластыруға 
негізделген.
Кептіргіш агентінің өрлеу ағынында астық қоспасын қысқа мерзімде қыздыруы, 
қыздырған астықты 10-15 мин жатқызғаннан кейін салқындатуды алма кезек алмастыру 
және кептірілген астықтың көп бөлігін рециркуляциялап кептіру іске асырылады. Қыздыру 
камерасындағы кептіру агентінің температурасы 250-380
0
С астық қысқа мерзімде /2-3 сек/ 
50-60
0
С қыздырылады.
Рециркуляциялық кептірудің қалыптасқан процесі мынадан тұрады: 
- қыздыру камерасында астық қыздыру және жартылай кептіру; 
- дымқыл және құрғақ астық түйісудегі жылу және ылғал алмасуы; 
- астықтың аралық және түпкілікті салқындауы; 
- кептірілген 
астықтың басым бөлігін жартылай және бірнеше қабат 
рециркуляциялау. 
Кептіру агентінің температурасы мен тұқымының қызуы неғұрлым жоғары болса, 
соғұрлым астық және тұқым тез кебеді. Алайда, тұқым белгілі бір температуралық әсерде 
ғана сапасын төмендетпеуге бейімді. Тұқымның ыстыққа төзімділігі, оның ылғалдылығы, 
пісу дәрежесі,кептіру уақыты мен дақыл түріне көп байланысты. Азық-түліктік астықты 
кептіргенде де қыздыру температурасы шектеледі. Кептіру жұмыстары дер кезінде сапалы 
жүргізілгенде астықтың егін жинағаннан кейінгі жетілуі жеделдейді, қоректік заттардың 
шығыны азаяды, тұқымның өнгіштігі көтеріледі, нандық сапасы жақсарады, мекемелердің 
техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тәуірлігі мен жоғары сортты ұнның шығымы 
артады, күрделі қаржы мен астықты егін жинағаннан кейінгі өңдеуге кететін шығындарды 
азайтуға айтарлықтай әсер етеді.
Кептіру жұмысьтарының ережелерін анықтағанда астықтың жоғары сапалылығы мен 
кептіру өнімділігі қамьамасыз етілетін шектеулі ең жоғары қыздыру температурасы таңдап 
алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет