Технологиялық тізбектер
тұрақты және
уақытша болып бөлінеді.
Уақытша технологиялық тізбектер тек жылжымалы технологиялық және тасымалдау
жабдықтарын асфальтталған алаңдарда тез арада аз көлемдегі астық партияларын
қабылдап, өңдеп, үйірме күйінде жинап сақтау үшін кәсіпорындарда қосымша тізбектер
ретінде қолданылады.
Дайындау элеваторларының көпшілігінде технологиялық тізбектер толық
механикаландырылған,
ондағы
операциялардың
машиналарда
орындалуы
жұмысшылардың бақылауымен жүргізіледі.
Элеватор өндірісіндегі автоматтандырылған технологиялық тізбектердің жұмысы
автоматты бақылау қондырғыларын және технологиялық үрдістердің жүруін датчик
элементтері арқылы реттеп басқарып отырады.
Дайындау элеваторларында астық партияларын қабылдау және өңдеу жұмыстары екі
негізгі нұсқамен орындалады:
- бірінші кездегі нұсқа бойынша әр түрлі сападағы партияларды толық қабылдайды
және өңдейді;
- екінші кездегі технологиялық үрдістің нұсқасында тек белгілі сападағы астық
патияларын қабылдап өңдейді.
Осы жағдайды ескеріп ағымды технологиялық тізбек әмбебапты және
мамандандырылған болып бөлінеді.
Ал технологиялық тізбектер үздіксіздігіне байланысты үздікті және үздіксіз болып
бөлінеді.
Үздікті технологиялық тізбектерде кейбір жұмыс орнындағы жабдықтар тоқтап
жұмыс атқарады.
Ағымды астық партияларын қабылдауда және өңдеуде технологиялық тізбектің ең
тиімді жетілген түрі үздіксіз жұмыс атқаруы. Технологиялық тізбектердің үздіксіз жұмыс
істеуіне кері әсер беретін факорларға мыналар жатады: технологиялық және тасымаладау
жабдықтарының өнімділігінің бірдей болмауы, астық сапасының белгілі уақыт аралығында
өзгеріп отыруы, партиялардың айнымалы көлемде келіп түсуі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: