5. Сараптаманы тағайындалған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзіреті шегінде қортынды беруге ;
6. Ана тілінде немесе өзі білетін тілде қортынды ұсынуға және айғақтар беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;
7. Сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның лауазымды адамның және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға;
8. Сот сараптамасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
Сараптаманың негізгі ерекшеліктері :
Сараптаманың негізгі ерекшеліктері :
1. Сараптама жүргізгенде сот мәжілісі уақытша тоқтатылады деп айтамыз, сот мәжілісі ғылыми – зерттеу түрінде жалғасып жатыр дейміз.
2. Сараптама жүргізу барысында сарапшы іске маңызы бар жаңа фактілер табуы мүмкін.
3. Сарапшының өз еркімен дәлелдеме жинауға құқысы жоқ.
4. Сараптама жүргізу тәртібі сақталмаса, соның барысындағыжиналған фактілер іс бойынша дәлелдеме деп саналмайды.
5.Сарапшының зерттеу жүргізбей ұсынған фактілері мысалы куәмен, әңгімелескенде табылған фактілер іс бойынша дәлелдеме болып саналмайды және сарапшы қортындысы ондай фактілерге негізделмейді.
6.Сарапшы шешетін мәселелер құқықтық мәселелерге қатыспауы керек мысалы,азаматтың жаралану нәтижесінде беті бұзылып,тыртық блып қалса, соның дәрежесін анықтайды, жарақат сиқын бұзса, көркін кетірді деп қортынды бермейді, бет әлпетінбұрынғы қалпына келтіретін операция жасалуы мүмкін.