Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет122/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

256-бап. Кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, командалардың басшыларын және басқа да қатысушыларды немесе кәсіптік спорт жарыстарының, сол сияқты ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын немесе мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында осындай әрекет жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамның бір жыл ішінде жасаған сатып алуы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Спортшылардың жарыстардың нәтижелерін ықпал ету мақсатында оларға берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл бойы әкімшілік жаза қолданылған адамның жасаған, сол мақсаттарда оларға берілген мүліктік сипаттағы қызметтерді спортшылардың заңсыз пайдалануы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, командалар басшыларының және басқа да қатысушылардың немесе кәсіптік спорт жарыстарының, сол сияқты ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларының немесе мүшелерінің осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл бойы әкімшілік жаза қолданылған адамның жасаған ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет