Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау



бет12/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

97-бап. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау

Жеке кəсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді қоса алғанда, жеке кəсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсініледі.


Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.


Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті



1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:


Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласында:


1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;


2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;


3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;


4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;


5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды сараптама кеңестерінiң қарауын ұйымдастырады;


6) алып тасталды – ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар өндіретін өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;


9) бәсекелестiктi дамытуға және инновацияларға, материалдық активтерге инвестицияларды, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлейдi;


10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;


11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;


12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;


13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;


14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қолданады;


15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;


16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;


17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;


18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды;


19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;


20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;


21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;


22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;


23) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекітеді;


Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласында:


1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;


2) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;


3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындайды;


4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді;


5) ұлттық экономиканың, оның ішінде оның өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;


6) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады.


2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.


Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

99-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті



Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:


1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және мемлекеттік қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;


2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;


3) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;


4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамыту инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;


5) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді;


6) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді;


7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;


8) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;


9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;


10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;


11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;


12) жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;


13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет