«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына қол қою орындылығының негіздемесі
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына қол қою орындылығының негіздемесі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына және 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына Мемлекеттік сапар барысында Келісімге 2023 ж. 18-19 мамырда Сиань қаласында Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі Цинь Ган арасындағы кездесуде қол қойылады («Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы № қаулысы).
Осы қаулының жобасына қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға әрі ұлттық паспорттардың иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу