Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді.