Қазақстан Республикасының Конституциясы


IX БӨЛIМ   ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет19/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131
IX БӨЛIМ  
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР 
90-бап 
1.  Республикалық  референдумда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы  референдум  нәтижелерi  ресми  түрде  жарияланған  күннен  бастап  күшiне 
енедi,  сол  мезгiлден  бастап  бұрынғы  қабылданған  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының күшi жойылады.  
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке  - 
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнi деп жарияланады.
 
 
91-бап 
1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  Республика  Президентінің  өз 
бастамасымен,  Парламенттiң  немесе  Үкiметтiң  ұсынысымен  қабылданған  шешiмi 
бойынша  өткiзiлетiн  республикалық  референдум  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізуi 
мүмкiн.  Егер  Президент  оны  Парламенттiң  қарауына  беру  қажет  деп  ұйғарса, 
Конституцияға  енгiзiлетiн  өзгертулер  мен  толықтырулар  жобасы  республикалық 
референдумға  шығарылмайды.  Мұндай  жағдайда  Парламенттiң  шешiмi  Конституцияда 
белгiленген  тәртiппен  қабылданады.  Егер  Республика  Президентi  Конституцияға 
өзгерістер  мен  толықтыруларды  республикалық  референдумға  шығару  туралы 
Парламенттiң  ұсынысын  қабылдамай  тастаса,  онда  Парламент  Палаталарының 
әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк даусымен 
Парламент  осы  өзгерістер  мен  толықтыруларды  Конституцияға  енгізу  туралы  заң 
қабылдауға  хақылы.  Мұндай  жағдайда  Республика  Президентi  осы  заңға  қол  қояды 
немесе  оны  республикалық  референдумға  шығарады,  егер  республикалық  референдумға 
қатысуға  құқығы  бар  Республика  азаматтарының  жартысынан  астамы  дауыс  беруге 
қатысса,  ол  өткiзiлдi  деп  есептеледi.  Республикалық  референдумға  шығарылған 
Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар,  егер  олар  үшін  облыстардың, 
республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  кемінде  үштен  екісінде  дауыс 
беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп 
есептеледі.  
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, 
Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды.  
 
 
92-бап 
1.  Конституциялық  заңдар  Конституция  күшiне  енген  күннен  бастап  бiр  жыл  iшiнде 
қабылдануға  тиiс.  Егер  Конституцияда  конституциялық  деп  аталған  заңдар  немесе  заң 
күшi  бар  актiлер  ол  күшiне  енген  кезде  қабылданып  қойған  болса,  онда  олар 
Конституцияға  сәйкес  келтiрiледi  де,  Қазақстан  Республикасының  конституциялық 
заңдары деп есептеледi.  
2.  Конституцияда  аталған  өзге  заңдар  Парламент  белгiлейтiн  тәртiп  пен  мерзiмде, 
бiрақ  Конституция  күшiне  енген  күннен  бастап  екi  жылдан  кешiктiрiлмей  қабылдануға 
тиiс.  


3. Республика Президентінің өзiне берiлген қосымша өкiлеттiктi жүзеге асыру мерзiмi 
iшiнде  «Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен  жергiлiктi  әкiмдерге  уақытша 
қосымша  өкiлеттiк  беру  туралы»  1993  жылғы  10  желтоқсандағы  Қазақстан 
Республикасының  Заңына  сәйкес  шыққан  және  заң  күшi  бар  Жарлықтары  Республика 
заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшiн жою үшiн көзделген тәртiппен ғана өзгертiлуi, 
толықтырылуы  немесе  күшiн  жоюы  мүмкiн.  1993  жылғы  28  қаңтарда  қабылданған 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  64-бабының  12-15,  18  және  20 
тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзiне берiлген қосымша өкiлеттiктi жүзеге 
асыру  мерзiмi  iшiнде  шыққан  Республика  Президентінің  Жарлықтары  Республика 
Парламентiнiң бекітуiне жатпайды.  
4. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдары  оған  қайшы  келмейтiн  бөлiгiнде  қолданылады  және  Конституция  қабылданған 
күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс. 
93-бап 
Конституцияның  7-бабын  жүзеге  асыру  мақсатында  Үкiмет,  жергiлiктi  өкiлдi  және 
атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары 
мемлекеттік тiлдi еркiн әрi тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдастырушылық, материалдық 
және техникалық жағдайдың бәрiн жасауға мiндеттi. 
94-бап 
1. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдарына  сәйкес  сайланған  Қазақстан  Республикасының  Президентi  Конституция 
белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiктерiне ие болады және оларды 
1995  жылғы  29  сәуiрде  республикалық  референдумда  қабылданған  шешiм  бойынша 
белгiленген  мерзiм  iшiнде  жүзеге  асырады.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
келісімiмен  Республика  Президентi  өкiлеттiгiнiң  қазiргi  мерзiмi  Республика  Парламентi 
Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы 
санының  көпшiлiк  даусымен  қабылданған  Республика  Парламентiнiң  қаулысымен 
қысқартылуы  мүмкiн.  Мұндай  жағдайда  Парламент  Мәжілісi  бiр  ай  iшiнде  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  сайлауын  тағайындайды.  Осы  сайлаудың  қорытындылары 
бойынша сайланған Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен 
бастап  бiр  ай  iшiнде  ант  бередi  және  жетi  жылдан  кейiн  желтоқсанның  бiрiншi 
жексенбiсiнде  өткiзiлуге  тиiс  кезектi  Президент  сайлауында  сайланған  Республика 
Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.  
2. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице-Президентi  өзi  сайланған 
мерзiм аяқталғанға дейiн өкiлеттiгiн сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет