Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет26/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
108-бап. Тұтыну кооперативi 
1.  Қатысушылардың  материалдық  және  өзге  де  қажеттерiн  қанағаттандыру  үшiн  өз 
мүшелерiнiң  мүлiктiк  (үлестiк)  жарналарын  бiрiктiру  арқылы  жүзеге  асырылатын 
азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.  
Заң  актілерінде  көзделген  жағдайларда  тұтыну  кооперативiне  заңды  тұлғалар  кiре 
алады.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  мүшелерi  жыл  сайынғы  баланс  бекітілгеннен  кейiн  пайда 
болған  залалдарды  қосымша  жарналар  төлеу  арқылы  үш  ай  iшiнде  жабуға  мiндеттi.  Бұл 
мiндеттердi  орындамаған  ретте  кооператив  несие  берушiлердiң  талабы  бойынша  сот 
тәртібімен таратылуы мүмкiн.  
Тұтыну  кооперативiнiң  мүшелерi  оның  мiндеттемелерi  бойынша  кооператив 
мүшелерiнiң  қосымша  төлемеген  бөлiгi  шегiнде  жәрдем  беру  жөнiнен  ортақ  жауапты 
болады.  
3.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысында,  осы  Кодекстiң  41-бабының  5-тармағында 
көрсетiлген  мәлiметтерден  басқа,  кооператив  мүшелерi  жарналарының  мөлшерi  туралы; 
кооператив  мүшелерiнiң  құрамы  мен  жарна  төлеу  тәртібі  және  олардың  жарна  төлеу 
жөніндегі  мiндеттемелердi  бұзғаны  үшiн  жауапкершiлiгi  туралы;  кооперативтi  басқару 
органдарының  құрамы  мен  құзыретi  және  олардың  шешiмдер  қабылдау,  соның  iшiнде 
шешiмi  бiрауыздан  немесе  біліктi  көпшiлiк  дауыспен  қабылданатын  мәселелер  жөнiнде 
шешiмдер  қабылдау  тәртібі  туралы;  кооператив  мүшелерiнiң  өздерi  шеккен  залалдарды 
жабу тәртібі туралы ережелер болуға тиiс.  
4.  Тұтыну  кооперативiнiң  тапқан  табыстарын  оның  мүшелерi  арасында  бөлуге 
болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.  
5. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда 
ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.  
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында 
өзгеше  көзделмесе,  оның  мұрагерлерiнiң  кооператив  мүшелiгiне  қабылдануға  бiрiншi 
кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң 
мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.  


6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары 
мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.  
7.  Селолық  тұтыну  кооперативтерi  тек  өз  мүшелерiнiң  ғана  емес,  селолық  жерлерде 
тұратын  басқа  адамдардың  да  материалдық  және  өзге  қажеттерiн  қанағаттандыру  үшiн 
құрылуы мүмкiн.  
Селолық  тұтыну  кооперациясының  ерекшелiктерi  осы  бапқа  сәйкес  арнайы  заңда 
белгiленедi. 
8.  Өзара  сақтандыру  қоғамдары  -  тұтыну  кооперативтері  қызметінің  ерекшеліктері 
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет