Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру



Pdf көрінісі
бет62/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131
23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру  


Қоғамдық  бiрлестiктiң  қызметi  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен 
заңдары  бұзылған  немесе  қоғамдық  бiрлестiк  өз  жарғысында  белгiленген  мақсаттар  мен 
мiндеттер  шегiнен  шығатын  әрекеттерi  бiрнеше  рет  жасаған  жағдайларда  прокуратура, 
iшкi  iстер  органдарының  ұсынуы  немесе  азаматтардың  арыздары  негiзіндегі  сот  шешiмi 
бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.  
Қоғамдық  бiрлестiктiң  қызметi  тоқтатыла  тұрған  жағдайда  оған  барлық  бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  пайдалануға,  үгiт  және  насихат  жүргiзуге,  митингiлер, 
демонстрациялар  және  басқа  бұқаралық  шаралар  өткiзуге,  сайлауға  қатысуға  тыйым 
салынады. Оның банк салымдарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек 
шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығынның орнын 
толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.  
Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты 
қызметi  тоқтатыла  тұратын  болып  белгiленген  мерзiм  iшiнде  жойса,  аталған  мерзiм 
аяқталған  соң  қоғамдық  бiрлестiк  өз  қызметiн  қайта  бастайды.  Қоғамдық  бiрлестiк 
Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  бұзылуын  жоймаған  жағдайда,  не  оларды 
қайталап  бұзған  жағдайда  прокуратура,  ішкi  iстер  органдары,  сондай-ақ  азаматтар  сотқа 
оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет