Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет10/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
52-бап 
1. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды
  
2.  Парламент  депутаттары  оның  жұмысына  қатысуға  мiндеттi.  Парламентте 
депутаттың  жеке  өзi  ғана  дауыс  бередi.  Депутаттың  Палаталар  мен  олардың 
органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты 
дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын 
қолдануға әкеп соғады.  
3.  Парламент  депутатының  басқа  өкiлдi  органның  депутаты  болуға,  оқытушылық, 
ғылыми  және  өзге  де  шығармашылық  қызметтен  басқа,  ақы  төленетiн  өзге  де  жұмыс 
атқаруға,  кәсiпкерлiкпен  шұғылдануға,  коммерциялық  ұйымның  басшы  органының 
немесе  байқаушы  кеңесiнiң  құрамына  кiруге  құқығы  жоқ.  Осы  ереженiң  бұзылуы 
депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.  
4.  Парламент  депутатын  оның  өкiлеттiк  мерзiмi  iшiнде  тұтқынға  алуға,  күштеп 
әкелуге,  сот  тәртібімен  белгiленетiн  әкiмшiлiк  жазалау  шараларын  қолдануға,  қылмыс 
үстiнде  ұсталған  немесе  ауыр  қылмыс  жасаған  реттердi  қоспағанда,  тиiстi  Палатаның 
келісімiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.  
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды 
күшіне  енген  шешімі  бойынша  депутат  іс-әрекетке  қабілетсіз,  қайтыс  болған  немесе 
хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда 
көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 
Парламент депутаты: 
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; 
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 
3)  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  жоғалтқан  кезде  өз  мандатынан 
айырылады. 
Парламент Мәжілісінің депутаты: 
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе 
шығарылған; 
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан 
кезде өз мандатынан айырылады. 
Парламент  Сенатының  тағайындалған  депутаттарының  өкілеттігі  Республика 
Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 
Парламент  және  Парламент  Мәжілісі  депутаттарының  өкілеттігі  тиісінше  Парламент 
немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.  


6.  Депутаттарға  жазалау  шараларын  қолдануға,  олардың  осы  баптың  3-тармағының 
талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн 
тоқтатуға  және  өкiлеттігiнен  әрi  депутатқа  ешкiмнiң  тиiспеуi  жөніндегі  құқығынан 
айыруға  байланысты  мәселелердi  әзiрлеу  Қазақстан  Республикасының  Орталық  сайлау 
комиссиясына жүктеледi.  
53-бап 
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: 
1)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ұсынысы  бойынша  Конституцияға 
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 
2)  Үкімет  пен  Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп 
комитетінің  республикалық  бюджеттің  атқарылуы  туралы  есептерін  бекітеді.  Үкіметтің 
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің 
Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; 
3)  Президентке  оның  бастамасы  бойынша  әр  Палата  депутаттары  жалпы  санының 
үштен  екісінің  даусымен  бір  жылдан  аспайтын  мерзімге  заң  шығару  өкілеттігін  беруге 
хақылы; 
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау 
жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін 
пайдалану туралы шешім қабылдайды; 
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі 
туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 
7)  палаталардың  бірлескен  комиссияларын  құрады,  олардың  төрағаларын  сайлайды 
және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; 
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет