10-бап. Қоғамдық бірлестікті құру Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемiнде он адамнан
тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды
біріктіру жолымен, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, заңды
тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, құрылтай съезін (конференция,
жиналыс)
шақыратын,
онда
жарғы
қабылданатын
және
басшы
органдар
қалыптастырылатын жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер
қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің
құрылтайшылары - жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және
бірдей міндеттерді атқарады.
Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезден
бастап пайда болады.