22-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртiп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады.
Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн бұған кiнәлi заңды және
жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және
қоғамдық бiрлестiктердiң басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты
болады.