Түсіндірме жазба Пән сипаттамасы Экономика негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы, техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына және орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа (ҚР ҮҚ 23.08.2012ж. №1080. Тіркеу №4211 24.08.2015ж.) сәйкес жасалған «Экономика негіздері» үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленді. Пәннің оқылуына 36 сағат бөлінген.
«Экономика негіздері» пәнінің мақсаты – негізгі экономикалық мәселелерді, теориялық экономиканың концептуалдық жағдайын және бизнес негізін зерделеу: тұлғаны қалыптастыру, экономикалық теория аумағында алған білімін күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу.
Студенттерге теориялық экономиканың оқытатын және экономикаға қатысты нысандар туралы толық және жүйелі ақпараттар беріледі. Материалдар білім алушылардың жас көрсеткіштеріне ескеріліп бейімделген.
Қазақстан Республикасындағы өркениетті нарықтық қатынастарды қалыптасу жағдайында Қазақстан Республикасының ерекшеліктерімен экономикалық теорияның негізін игеру көкейтесті болып табылады. Қазіргі заманғы экономикалық ойлауды қалыптастыру мәселесі және дағдылану оқушылар, студенттер, мамандар және қазақстандық қоғамдық басқа да топтар үшін басым болып табылады.
Қалыптастырылатын құзіреттілік. Базалық құзіреттілік пен иемдену керек БҚ:
БҚІ: өзінің қызметінің мақсатын қою, оны жүзеге асыру үшін шарттарын анықтау, оған жету үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру;
БҚ2: өзінің қызметін бағалау, нәтижелерін бағалау, рефлекция мен өзіндік бағасын жүзеге асыру;
БҚЗ: жоғары білікті мамандардың басқаруы мен жұмыс жасау; БҚ4: заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялық және логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеу;
Экономикалық терминдердің маңызы, нарықтық экономиканың заңдылықтары мен қағидалары;
Өндірістік экономиканың негізін және тұтынушылықты;
ҚР құқықтық ұйымдастырушылық негіздерін;
Меңгеруі керек:
Анықтамалық әдебиеттерді табу және қолдану, БАҚ-тың ұлттық және әлемдік экономика жайлы материалдарды табу;
ұсыныс пен сұраныстың қатынасы негізінде нарықтық бағаға бейімденушілік;
Кәсіпкерлік білімді қолдана отырып, жұмыссыздық кезінде нарықта өзінің орнын таба білу;
Бизнес-жоспар құру;
Қазақстан экономикасы дамуының ерекшеліктерін талдау;
Құнсызданудың себептері мен салдарын түсіну;