Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата02.03.2017
өлшемі421,85 Kb.
#5130
  1   2   3   4   5

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 

 ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ 

________________________________________________________________ 

 

                                       

                                          Жоғары білім 

 

 

БАКАЛАВРИАТ 

 

 

МАМАНДЫҒЫ 

5В012100       - 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ                       

ОҚЫТПАЙТЫН  

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ  

МЕН ƏДЕБИЕТІ 

 

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ  5В012100       - 

КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И 

ЛИТЕРАТУРА В ШКОЛАХ НЕ 

С КАЗАХСКИМ ЯЗЫКОМ  

ОБУЧЕНИЯ   

                                                  

SPECIALITY 5В012100      - 

THE KAZAKH LANGUAGE AND 

THE LITERATURE AT 

SCHOOLS WITH NOT KAZAKH 

LANGUAGE OF TRAINING

  

 



 

 

 



 

                                                           

                                           ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 

 

 

 



 

 

 



Қазақстан Республикасының Білім  жəне  ғылым министрлігі 

 

Астана 

ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 

 



II

Алғы сөз 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, əл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  мен  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық университеті ƏЗІРЛЕГЕН ЖƏНЕ ҰСЫНҒАН 

 

2  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің 2010 

жылғы 03 қарашасындағы  № 514 бұйрығымен  (аталған  бұйрықтың    1.20 

қосымшасы)  БЕКІТІЛДІ жəне ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 



 

3  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің 2005 

жылғы 23 желтоқсандағы  № 799 бұйрығымен  бекітілген 03.08.266-2006 

5В012100 - Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  əдебиеті 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартының ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ 

 

4  Осы  стандартта  Қазақстан  Республикасының 27.07.2007 ж.  № 319-III 

«Білім  туралы»  Заңының  жəне  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

02.09.1999ж.  №1290 «Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарын  əзірлеу,  бекіту  жəне  іске  қосу  мерзімдерінің  тəртібі  туралы» 

қаулысының нормалары іске асырылған 

 

5  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  жəне  жаңа  технологиялар 

министрлігінің  Техникалық  реттеу  жəне  метрология  комитетінің 15 қаңтар 

2008ж. № 9.1-24/1 хатымен КЕЛІСІЛДІ 



 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Осы  стандартты  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым 

министрлігінің  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  көбейтуге  жəне  таратуға 

болмайды 



ҚР  МЖМБС 6.08.077-2010 

 

 



 

III


Мазмұны 

 

1  Қолданылу саласы .............................................................................. 



 

2  Нормативтік сілтемелер ......................................................................



 

3  Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар ..................................... 



 

4  5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі 



мен əдебиеті мамандығы бойынша білім беру 

бағдарламаларының тізбесі .............................................................. 

 

 

 



5  Біліктілік пен лауазымдар тізбесі ..................................................... 



 

6  5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі 



мен əдебиеті мамандығының біліктілік сипаттамасы ..................... 

 

 



7  Білім берудің жалпы ұлттық мақсаттары жəне пəндер циклі 

бойынша негізгі мақсаттардың иерархиясы ..................................... 

 

 



8  Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар ..............

 

10 


9  5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі 

мен əдебиеті мамандығы бойынша білім беру 

бағдарламаларының мазмұны ............................................................ 

 

 



 

14 


10  5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі 

мен əдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын 

әзірлеу және жүзеге  асыру шарттарына қойылатын талаптар 

....... 


 

 

 



30 

11  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын 

құрастырушыларға, өңдеушілерге (өзгерту, түзетулер енгізу) 

қойылатын талаптар ........................................................................... 

 

 

 



32 

 

А Қосымшасы (міндетті) ...................................................................



34 

 

 

 



 

 

 



 

 


ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 

 



IV

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 

ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ 

___________________________________________________________________ 

 

Жоғары білім 

 

МАМАНДЫҒЫ 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі       

қазақ тілі мен əдебиеті 

___________________________________________________________________ 

Енгізу күні 2011.09.01 

 

1

 



Қолдану саласы 

 

Осы  стандарт  ҚР  МЖМБС  5.04.019-2008  негізінде  əзірленген  жəне 



5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен  əдебиеті 

мамандығы  бойынша  білім  мазмұнына  жəне  бакалаврларды  дайындау 

деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді 

 Стандарттың  ережелерін  аталған  мамандық  бойынша  бакалаврларды 

дайындауды  іске  асыратын    Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу 

орындары  өздерінің  ведомоствалық  бағыныштылығына,  ұйымдық-құқықтық 

нысандарына,  оқыту  түрлеріне    қарамастан  қолдануға  жəне  сақтауға 

ұсынылады. 

 

2

 

Нормативтік сілтемелер 

 

Осы стандартты пайдалану үшін төмендегі нормативтік құжаттар қажет: 

2007  жылдың 27 шілдесіндегі  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы» Заңы; 

ҚР  МЖМБС 5.04.019–2008 Жоғары  білім.  Бакалавриат.  Негізгі 

ережелер; 

ҚР  МЖМБС 5.05.001-2005 Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орындарынан 

кейінгі білім беру оқу пəндерін кодтау жүйесі. 

 

3

 

Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар 

 

 Осы стандартта Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына, ҚР 

МЖМБС 5.04.019-2008 сəйкес  терминдер  мен  анықтамалар,  қысқартулар 

қолданылады. 

Оған  қосымша  ретінде  ұсынылып  отырған  стандартта  төмендегідей 

терминдер жəне олардың анықтамалары пайдаланылады: 



3.1  Академиялық  сағат:  Дəріс,  практикалық  (семинар)  сабақтардың 1 

контактілік  сағатына (50 минут)  немесе  студиялық  сабақтың 1,5 контактілік 

сағат (75 минут),  немесе  дəрісханалық  сабақтар  мен  дене  тəрбиесі 


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



2

сабақтарының 2 контактілік  сағат (100 минут),  сондай-ақ  педагогикалық 

практиканың  барлық  түрлеріне,  өндірістік  практикалардың 5 контактілік 

сағатына (250 минут) тең. Оқудың сызықтық жүйесінде барлық аудиториялық 

сабақтардағы академиялық сағат 40 минуттан ұзаққа созылмауы тиіс. 

3.2  Білім  беруді  ұйымдастырудың  академиялық  еркіндігі:  Таңдау 

пəндері  бойынша  білім  мазмұнын  өз  бетінше  анықтауға  мүмкіндік  беретін 

білім беруші ұйымның  құқығы мен міндеттерінің үйлесімді жиынтығы. Білім 

алудың  қосымша  түрлері  бойынша  шығармашылық  дамудағы  білім  алушыға 

барынша  қолайлы  жағдай  жасау  мақсатында  педагогиканың  прогрессивті 

əдіс-тəсілдерін тиімді ұйымдастыру қызметі. 



3.3  Бакалавриат: Жоғары білім берудің 4 жылдан кем емес нормативті 

кезең аралығында академиялық бакалавр дəрежесін тағайындайтын кəсіби оқу 

бағдарламасы. 

3.4  Жеке оқу жоспары: Типтік оқу бағдарламасы мен элективті пəндер 

катологы  негізінде  студенттің  өз  бетімен  оқу  жылына  толтыратын  құжаты. 

Онда  студенттің  өзі  жазылған  оқу  пəндерінің  мазмұны  мен  кредит  саны 

немесе  академиялық  сағаты  көрсетіледі;  жеке  оқу  жоспары  студенттің  білім 

алу траекториясын анықтайды. 

3.5  Элективті  пəндер  каталогы:  Жоғары  оқу  орнының  өз  бетінше 

анықтаған  жəне  студенттер  оқып-үйрену  үшін    таңдауы  бойынша  іріктелген 

оқу  пəндері,  олардың  көлемі,  аралық  бақылау  (курстық  жұмыстар  (жобалар) 

жəне т.б.) түрлері жиынтығынан тұратын құжат.  



3.6  Кредит: кредит (Credit, Credit-hour): Білім алушының/оқытушының 

оқу  жұмысының  өлшемін  білдіретін  теңдестірілген  бірлік.  Бір  кредит 

академиялық  кезең  (семестр)  бойы  білім  алушының  апта  ішіндегі 

аудиториялық  жұмысының    1  академиялық  сағатына  тең.  Бакалавриаттағы 

дəріс,  практикалық  (семинар)  жəне  студиялық  сабақтардың  əрбір 

академиялық сағаты міндетті түрде 2 сағаттық (100 минут) студенттің өзіндік 

жұмысымен (СӨЖ)  бірге жүргізіледі. 

3.7  Кредиттік оқу технологиясы: Жеке бағыт-бағдар таңдауды, білім 

алу траекториясын айқындауды, өз бетінше білім алу деңгейін көтеруді жəне 

білімді 

шығармашылық 

меңгеруді 

көздейтін, 

меңгерілген 

білім 


материалдарының  көлемінің  есебін  кредит  түрінде  айқындайтын  білім 

технологиясы.  



3.8  Таңдау  компоненті:  Кез-келген  академиялық  кезеңде  жоғары  оқу 

орны  ұсынған  пəндер  ішінен  студенттер  өз  бетінше  таңдап,  оқып-үйренетін 

оқу  пəндерінің  кредит  немесе  академиялық  сағат  көлеміндегі  ең  аз  мөлшері 

көрсетілген пəндер тізбесі. 



3.9  Басты  құзыреттілік:  Оқу  үрдісі  барысында  алынған  білім, 

біліктілік пен дағдыларын күнделікті өмірде пайдалана алу қабілеттілігі. 



3.10  Пререквизиттер: Оқып үйренетін пəнді меңгеруге қажетті  білім, 

біліктілік,  дағдылар  мен  құзыреттіліктерді  құрайтын  пəндер  жиынтығы,  ол 



ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 



студенттің курстан курсқа көшірілуін қамтамасыз ететін көмекші құрал болып 

табылады. 



3.11  Постреквизиттер:  Кейінгі  пəндерді  меңгеру  үшін  қажетті  білім, 

біліктілік, дағдылар мен құзыреттіліктерді құрайтын пəндер. 



3.12  Жұмыс оқу жоспары: Жоғары оқу орнының типтік оқу жоспары 

мен  білім  алушының  жеке  оқу  жоспары  негізінде  жасалынып,  оқу  үрдісі 

кезеңіндегі  нақты кəсіби қызмет жағдайы ескеріліп, бекітілетін құжат. Оның 

құрамына білім алушының меңгеруіне қажетті ЖБП, БП жəне КП циклдарына 

топтастырылған  оқу  пəндерінің  міндетті  компоненті,  сондай-ақ  таңдау 

компоненті  бойынша  толық  тізбесі  олардың  кредит  немесе  академиялық 

сағаты  көрсетілген    жағдайда  беріледі.  Жұмыс  оқу  жоспарының  құрылымын  

жоғары оқу орны өз бетінше айқындайды.  



3.13  Силлабус:  Оқып  үйренетін    пəннің  мақсаты  мен  міндеті,  əрбір 

тақырыптың    өткізілу  уақытын  көрсететін  тақырыптық  жоспары,  оның 

қысқаша  мазмұны,  өзіндік  жұмыс  тапсырмалары,  кеңес  беру  уақыты, 

ағымдық  бақылау  кестесі,  пайдаланылған  əдебиеттер  тізімі,  оқытушының 

талабы мен бағалау саясаты көрсетілген пəннің сипаттамасы.  

3.14  Типтік оқу жоспары: Мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарты      негізінде  құрастырылған,  міндетті 

компоненттері ЖБП, БП жəне КП циклі түрінде  біріктірілген, оқу пəндерінің 

тізбесі    студент  меңгеруге  қажетті  ең  төменгі  кредит  саны,  бақылау  түрлері, 

сондай-ақ қосымша оқу мен қорытынды аттестация түрлері көрсетілген негізгі 

оқу құжаты. 



3.15  Міндетті  компонент:  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты  мен  студенттің  оқу  бағдарламасы  міндеттеген  ең  төменгі  кредит 

көлеміне сай келетін оқу пəндерінің тізбесі. 

3.16  Тіркеу  бөлімі  (офис):  Білім  алушының  барлық  оқу  нəтижелерін, 

олардың  академиялық  рейтингін  есептеумен  айналысатын,  білімді 

бақылаудың  көптеген  түрлерін  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  қызмет 

орны.  


3.17  Тьютор:  Студенттің  нақты  пəндерді  меңгеруінде  академиялық 

кеңесші рөлін атқаратын жəне оқу сабақтарын жүргізетін оқытушы. 



3.18   Типтік оқу бағдарламасы:  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру стандарты негізінде құрастырылып,  жұмыс оқу жоспарындағы міндетті 

компонент  пəнінің  мазмұнын,  көлемін  жəне  оқып  үйрену  ретін  анықтайтын 

оқу  құжаты.  Ол  негізгі  білім,  біліктілік,  дағды  мен    құзыреттілік  шеңберін, 

ұсынылатын  əдебиеттерді    анықтайды.  Қазақстан  Республикасының    білім 

беру аясындағы өкілетті органмен бекітіледі.  

Бұл стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылады: 

ЖБП – жалпы білім беру пəндері; 

БП – базалық пəндер; 

КП – кəсіптендіру пəндері; 

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы; 


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



4

СОӨЖ – студенттердің оқытушының басқаруымен атқарылатын өзіндік 

жұмысы. 

 

4 5В012100 – Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі 

мен    əдебиеті    мамандығы  бойынша    білім  беру  бағдарламаларының  

тізбесі 

 

5В012100 – Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  

əдебиеті  мамандығы  шеңберіндегі  қосымша  мамандандыру  бойынша  білім 

беру  бағдарламасының  тізімін  жоғары  оқу  орнының  ғылыми  Кеңесі  өз 

шешімінің  негізінде  анықтап  белгілейді.  Қосымша  білім  беру  пəндері,  БП 

жəне КП циклдерінің таңдау компоненттеріне бөлінген кредит (сағат) аясында 

негізгі  білімдік  бағдарламалар  бойынша  дайындықты  тереңдетіп  оқытуға 

арналған  пəндермен  бірлікте  қатар  жүргізіледі.  Бұл  жағдайда,  ЖОО  оқыған 

кезеңдегі  қосымша  білімдік  бағдарламалар  негізіндегі  студент  меңгерген 

пəндер  мен  практикалар  жиынтығы  мамандандыру  бойынша  кəсіптік 

даярлығы  деңгейі  мен  мазмұнының  минимумына  қойылатын  талапқа  сəйкес 

жүзеге  асырылады.  Мұндай  арнаулы  жəне  шептес  оқу  пəндерінің 

интеграциясы, 

шағын 


жинақты 

мектеп 


жағдайындағы 

оқытуды 


ұйымдастырудың  ерекшеліктерін  ескеруге  мүмкіндік  береді.  Əрі 12-жылдық 

бағдарлы  оқытуға  көшу  барысында  кең  салалы  педагогтар  дайындау,  яғни 

қосымша  білімдік  бағдарламалар  арқылы  пəн  мамандарының  қосымша 

мамандандыруларының мəселесін де шешеді.  

  

5  Біліктілік пен лауазымдар тізбесі  

 

Бакалавриатты  бітірушіге «5В012100 – Қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі қазақ тілі мен  əдебиеті» мамандығы  бойынша  білім бакалавры 

академиялық  дəрежесі беріледі.  

Түлектердің  біліктілігі  жəне  қызметтері Қазақстан Республикасы Білім 

жəне  ғылым  министрінің 12 ақпан 2008 жылғы  №61  бұйрығымен  бекітілген 

«Педагог қызметкерлер мен соларға теңелетін қызметтердің Типтік біліктілік 

анықтамасына» сəйкес анықталады. 

Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда 

қазақ  тілі  мен  əдебиетінің  мұғалімі,  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми 

мекемелерде кіші ғылыми қызметкер қызметтерін атқара алады.    

   


6  5В012100 – Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі 

мен  əдебиеті мамандығының біліктілік сипаттамасы  

 

6.1   Кəсіби  қызмет саласы 

 Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен    əдебиеті 

бакалавры кəсіптік іс-əрекеттің келесі түрлерін атқара алады: 



ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 



білім беру; 

тəрбие беру; 

ұйымдастыру-басқару; 

ғылыми-зерттеу. 

 6.2   Кəсіби іс-əрекет нысандары 

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен    əдебиеті 

бакалаврының  кəсіби  іс-əрекетінің  нысандары:  жалпы  білім  беретін,  орта 

кəсіптік  оқу  орындары,  ғылыми-зерттеу  жəне  жобалау-сынақтау  мекемелері, 

басқару  саласы,  мектептен  тыс  білім  беру-тəрбиелеу  мекемелері  болып 

табылады. 

6.3   Кəсіби қызметінің пəні 

Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен    əдебиеті 

бакалаврының  кəсіби  іс-əрекетінің  пəні:  жаңа  көрнекі  құралдар  мен  əдіс-

тəсілдерді  пайдаланып,  оқыту  мен  тəрбиелеу;  жаңа  зерттеу  əдістері,  құрал-

жабдық,  материалдар  жəне  т.б.;  басқаруда – қазіргі  заманғы  кеңсе  жабдығы, 

əртүрлі деңгейде қарым-қатынас жасау, əртүрлі міндет аясы жəне т.б.; сынып 

бөлмесі  мен  аудиториялар,  құрал-жабдық  пен  көрнекі  құралдар,  оқу-

əдістемелік құралдар мен оқулықтар, əртүрлі қосымша материалдар жəне т.б.  

 6.4   Кəсіби қызметінің  түрлері 

5В012100 - Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  

əдебиеті мамандығы бойынша білім алған бакалавр мынадай кəсіби іс-əрекет 

түрлерін орындай алады:  

- білім беру (педагогикалық): əртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, 

гимназия, лицей, колледж жəне т.б.) қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі, 

мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы ретінде; 

-  ғылыми-зерттеу  (ғылыми-зерттеу  мекемелерінде  кіші  ғылыми 

қызметкер);  



əдеби-шығармашылық 

(əдеби, 

мəдени 


мекемелерде, 

баспа 


орындарында);  

-  ұйымдастыру-басқару  (орта  мектептерде,  гимназиялар  мен  лицей, 

колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);   



əдеби кеңесші. 

6.5


 

Кəсіби қызметтің функциялары 

 Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен    əдебиеті 

бакалаврының кəсіптік іс-əрекет функциялары:  



- тəрбиелеу; 

- оқыту; 

- тəлімгерлік;  

- ғылыми; 

- əдеби; 

- мəдени шаралар ұйымдастыру. 

6.6   Кəсіби қызметінің типтік міндеттері 



ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



6

Қазақ тілі мен  əдебиеті  пəні    шебінде,  

кəсіби 

қызметінің 



типтік 

міндеттері  келесідегідей  базалық  жəне  негізгі  (түйінді)  құзыреттіліктерді 

қалыптастыруы тиіс: 

Білімнің базалық құзыреттіліктері: 



-  адамға,  қоғамға,  қоршаған  орта,  ойлау  мəдениетіне  қарым-қатынасты 

реттейтін  гуманитарлық  мəдениет,  этикалық  жəне  құқықтық  нормаларын 

игерту құзыреттілігі;  

студенттің жеке білім бағдарламасын таңдауы құзыреттілігі;  

-  жоғары  білімнің  келесі  баспалдағында  білімді  жалғастыру 

құзыреттілігі.   

 бағдарлы-құндылық құзыреттілігі; 

 оқу-танымдық құзыреттілігі; 

 ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі; 

 жеке тұлғаның өздігінен даму құзыреттілігі.                               

Білімнің негізгі құзыреттіліктері: 

 жеке менеджмент жəне проблемаларды шешу құзыреттілігі; 

 ақпараттық құзыреттілігі; 

 коммуникативтік құзыреттілігі. 

Типтік  тапсырмалар  кəсіптік  іс-əрекет  түрлерімен  анықталады.  Əрбір 

тапсырма  өз  кезегінде  таңдаған  бағыттардан  туындап  жəне  маманға 

қойылатын талаптарға сай болады: 

Білім беру – оқушыларға сапалы білім беру жəне тəрбиелеу; 

Ғылым – ғылыми  зерттеулерді  өте  жоғары  əдіснамалық  негізде 

орындау; 

Басқару – əкімшілік міндеттерді сауатты шешу. 

6.7    Кəсіби қызметінің  бағыттары  

Бітірушінің  кəсіби  іс-əрекетінің  бағыты  жалпы  білім  беретін,  базалық 

жəне  кəсіптік  пəндері  бойынша  алған,  педагогикалық,  ғылыми-зерттеу  жəне 

басқару,  жобалау  жұмыстарын  атқаруға  мүмкіндік  беретін  білімнің 

жиынтығымен анықталады.  

6.8   Кəсіби іс-əрекеттің мазмұны  

5В012100 - Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі    қазақ  тілі  мен 

əдебиеті  саласында  кəсіби  қызмет  мазмұнынан  толыққанды  жəне  сапалы 

кəсіптік білім алуы тиіс.  

6.9  6.9 5В011700 – Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі 

мен  əдебиеті  мамандығы  бойынша  бакалаврдың  түйінді  құзырлылығына 

қойылатын талаптар: 

Білім беру деңгейі бойынша бітіруші түлектің түйінді құзырлылығы.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет