Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.03.2017
өлшемі421,85 Kb.
#5130
1   2   3   4   5

5-10 сынып мұғалімінің 

білуі тиіс: 

-  психилогия  жəне  педагогика,  кəсіби  білім  аясындағы  жаңа 

жетістіктерді; 


ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 



-  оқытатын  пəнінің  теориялық  негізі,  оның  құрылымы  мен  мазмұны, 

бағдаралды  жүйесіндегі  орны:  педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың  

əрбірінің (мұғалім, оқушы, ата-ана) орны мен рөлін; 

бастауыш 



сыныптардағы 

 

бірізділіктің 



(бірыңғай 

талап) 


ерекшеліктерін есепке алуды; 

- 5-10 сынып оқушыларының психологиялық мүмкіндігі мен қажеттілігі, 

олардың  типтік жəне жеке бас ерекшеліктерін; 

-  мейірімділік,  шыншылдық,  адалдық,  парыз,  төзімділік,  оқушының 

жеке  бас  құндылықтарын  құрметтеу,  балаларға  жəне  өзінің  мамандығына 

деген  сүйіспеншілікке  негізделген  жалпы  адамзаттық  жəне  этномəдени 

құндылықтар мен өлшемдерді; 

- педагогикалық этиканың өлшемдерін 

-  оқушының  коммуникативтік  дамуы  мен    танымдық    мəдениетіне 

қалыптасуына негізделген əдіс-тəсілдерді білуі тиіс. 



білігі болуы қажет: 

-

 

өзінің жеке білім беру, ойлау мен үйрету стилін түйсіну жəне оны 

жетілдіру; үздіксіз білім беру қабілеттілігі мен қажеттілігін қалыптастыру; 

ақпараттық 



жəне 

телекоммуникациялық 

технологияларды 

педагогикалық қызметінде жоғары маманданған  қолданушы (аннотация, хат 

дайындау, интернет ақпараттарын компьютерлік өңдеу, жинақтау жəне сақтау 

əдістерін меңгеру, электрондық поштаны пайдалану) деңгейінде пайдалану; 

-

 

«e-learning»  электрондық  оқыту  жүйесінде  оқу-педагогикалық 



қызметін жүзеге асыру. 

-  күнделікті  өмірде  жəне  кəсіби  қызметінде  денсаулықты  сақтау 

технологияларын пайдалану; 

-  өзінің  пəні  аясындағы  инновациялық  əдістер  мен  технологияларды 

пайдалану;  оқу-тəрбие  үрдісіне  енгізілген  инновациялардың  нəтижесін 

бағалау; өзінің жеке педагогикалық технологияларын енгізу; 

- алуан түрлі мəдени ортадағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасау; 

-  оқушыларды  жоғары  адамгершілік  рухында  тəрбиелеу,  этномəдени 

құндылықтарға  құрметпен  қарау,  қоршаған  ортаға      жəне  оның  өзгерістеріне 

ұқыпты қарау; 

-  мəдени  құндылықтар  мен  тəжірибелерді        меңгеру,  оларды 

оқушылардың əлеуметтік қолдау сипатына  айналдыра  білуі тиіс. 



дағдысы болуы тиіс: 

-

 

 қиындықтан  шыға  білу  жəне  шығармашылық  ойлау;  түйсіну  

педагогикалық проблемаларды тұжырымдау жəне оны шешу;  

-

 

өзін жеке тұлғалық құндылықтар дəрежесіне көтеру; 



-

 

жалпы  мəдени  құндылықтарды,  салт-дəстүрлер  мен  этикалық 

өлшемдерді жеткізе білу дағдылары болуы тиіс.   

11-12 сынып мұғалімінің 

білуі тиіс: 


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



8

-

 

нақты  ғылымдардың  теориялық  негізін:  нысан,  пəн,  оның  ғылым 

жүйесіндегі  орны,  ғылыми  білімдердің  категориялық  қатары,  ғылыми-

педагогикалық зерттеулердің əдіснамасы мен логикасын; 



-

 

бағдарлы  білім  беру  жағдайында  оқытылатын  пəннің  теориялық 

негізін; нақты оқу пəнінің құрылымы мен мазмұнын, жалпыдан жекеге өту, 

абстрактіліктен нақтыға өту  логикасы;   



-

 

   11-12  сыныптағы  оқушылардың  əлеуметтік-психологиялық  жас 

ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлаудың əдіснамасы мен 

əдістемесін ; 



-

 

коммуникативті 

үрдісті 

жоспарлау 

мен 

ұйымдастырудың 



ерекшеліктерінің  теориясы  мен  əдістемесі,  оның  ішінде  шет  тілдерін 

пайдалану жағдайында; 



білігі болуы  қажет: 

-

 

тиімді  коммуникация    түзу  (жеткізілетін  ақпараттың  мағынасын 

жоғалтпай беру); 

-

 

тұлғаралық 

қарым-қатынасты 

құру; 


қолданыстағы 

тілді 


тасымалдаушылармен  емін-еркін  пікір  алмасу  үшін  шет  тілінде  диалог 

ұйымдастыру;  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу  барысында  тіл  мəдениеті 

ережелерін сақтау; 

-

 

ақпараттық 

жəне 

телекоммуникациялық 



технологияларды  

(компьютерлік  үйрету  бағдарламаларын  құру  жəне  кəсіби  қызметінде 

оларды  пайдалану,  қашықтықтан  оқыту  технологиясының  негізін,  білімді 

компьютерлік  тестілеу  əдістерін  меңгеру)  педагогикалық  қызметінде 

қолдану білу; 

-

 

«e-learning»  электрондық  оқыту  жүйесінде  оқу-педагогикалық 

қызметін жүзеге асыру. 

-

 

шығармашылық  ойлау  тəсілдері  мен  əдістерін  дамыту  жəне 

қолдану,  педагогикалық  қызметінде  инновацияны  қолдану  жəне  оны 

оңтайлы қабылдау; 



-

 

педагогикалық 

қызмет 

барысында 



туындайтын 

қарама-


қайшылықтарды түйсіну, тұжырымдай  жəне шеше білу; 

-

 

рефлексияны  жүзеге  асыру,  өзінің  педагогикалық  қызмет 

нəтижелері мен үрдістерін талдай, бағалай жəне түзете білуі; 

-

 

оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыра  жəне 

өткізе білуі, ғылыми аппаратты жасай білуі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының 

нəтижесін өңдей жəне бағалай білуі; жүйелей жəне қорытындылай білуі тиіс. 



дағдысы болуы тиіс: 

-  психологиялық,  педагогикалық,  пəндік  жəне  əдістемелік  білімдерді 

жəне нақты  жағдайларда қолданбалы  біліктілікті жүзеге асыру; 

- өзін-өзі бақылау жəне түзетулер енгізу; 

- өзі таңдаған пəн саласында инновациялық əрекетті ұйымдастыру; 

-  бағдарлы  білім  беру  жағдайында  педагогикалық  ынтымақтастықты   

ұйымдастыру (мұғалім–оқушы, мұғалім–мұғалім, мұғалім – ата-ана); 


ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

 



-  белгісіздік  жағдайында  кəсіби-педагогикалық  жəне  жеке  тұлғалық 

проблемаларды шешу дағдылары болуы тиіс. 

 

7  Білім  берудің  жалпыұлттық  мақсаттары  жəне  пəндер  циклы 

бойынша негізгі мақсаттардың иерархиясы  

 

Білім берудегі негізгі жалпыұлттық мақсатымыз – жалпы білімдік жəне 

арнаулы  пəндер  саласында  жоғары  білімді  мамандар  даярлау,  əрі  əлемдік 

білім  кеңістігінде  біздің  оқушыларымыздың  бəсекеге  қабілеттілігін 

қамтамасыз ету.  

Пəндер циклдері бойынша мақсаттар: 



     ЖБП пəндер тобы бойынша:  

–  бітіруші  түлек  қоғамдық-гуманитарлық  пəндерден  этикалық, 

құқықтық нормаларды, адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын 

қалыпта  ұстау  бойынша  білімдер  жиынтығын  меңгеруге,  ойлау  мəдениетін 

жəне  өз  еңбегін  ұйымдастыру,  өз  білімдерін  тұрақты  ғылыми  негізде  

жетілдіріп отыруы;  

–  денсаулығын  сақтауды  қамтамасыз  ету,  дене  еңбегіне  қабілетінің 

мүмкіндігін  дамыту  мен  оны  жоғарғы  деңгейге  көтеру  бағытындағы  білімі 

мен біліктілігі жүйесін жетілдіруге;  

–  əлемдегі,  ТМД  жəне  Қазақстандағы  экологиялық  жағдайларды 

бағамдауды,  информатика,  саяси-əлеуметтік  жəне  экономикалық  пəндер 

бойынша  алған  білімдерін  күнделікті  өмір  мен  жұмыс  барысында  қолдана 

білуі;  

– «Бакалавриат»  бағдарламасы  көлемінде – орыс  жəне  шет  тілдерінің 

бірін  меңгеруге  міндетті,  ал  шет  тілді  білуі  жəне  сапалы  оқуы  өз  кезегінде 

оларға  келесі  кепілдіктер  береді:  жоғары  оқу  орнының  профессор-

оқытушылар 

құрамы 


мен 

білім 


алушыларының 

жан-жақтылы 

жұмылдырылушылық əзірлігін қамтамасыз етеді; білім кеңістігіне тең құқылы 

қатысушы  ретінде,  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білімі    туралы 

құжаттарының мінсіз танылуын қамтамасыз етеді. 

Базалық пəндер тобы бойынша:  

–  толыққанды  жəне  сапалы  кəсіби  білім  алу,  олардың  теориялық, 

практикалық жəне кəсіптік құзырлар, дағды жəне білік блогын білу. 

Кəсіптендіру  пəндері  арқылы  мақсатқа  жету  мен  міндеттерді  шешуге 

қажетті  мəліметтерді,  ақпараттар  мен  негізгі  ережелерді  қолдана  білу,  қазақ 

тілі мен əдебиетін оқытудың əдістемесі, нормативтік қазақ тілі, тілдік қатынас 

негіздері,  қазақ  тілінің  стилистикасы,  балалар  əдебиеті,  салыстырмалы 

грамматика, сөздікпен жұмыс. 

БП жəне КП циклдарының таңдау компоненті бойынша мақсаттары

-  өзінің  кəсіби  іс-əрекетінде  қолданатын  қосымша  білімдік 

бағдарламалар  (мамандандырулар)  пəндерінің  ғылыми  негіздері  мен  оқыту 

технологияларын меңгеруі; 


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



10

-  білім  алушының  жеке  білім  алу  бағдарламасын  таңдау  мүмкіндігі 

болуы;  


таңдау компоненті пəндері өз кезегінде қазақ тілі мен əдебиеті негізгі 

оқу  курстары  бойынша  алған  білімдерін  қосымша  білімдік  бағдарламалар 

(мамандандырулар)  негізінде  оқытылатын  шептес  бағыттағы  пəндермен 

салааралық  бірлікте  кеңейту  арқылы  тереңдетуге  көмектеседі.  Əрі  аталмыш 

білімдік 

бағдарламалар 

иегерлеріне 

мамандыққа 

қоса, 

қосымша 


мамандандырулар  бойынша  өз  білімдерін  жоғары  кəсіби  білімнің  келесі 

сатысында (магистратурада) ары қарай жалғастыруларына мүмкіндік береді. 



 

8 Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар 

 

8.1 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар 

5В012100 - Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі    қазақ  тілі  мен 

əдебиеті мамандығы бойынша бакалавр: 

– адамзаттың іс-əрекетінің алуан түрлілігі туралы, рухани құндылықтар 

мен  олардың  маңызы  жайлы,  дүниеге  деген  ғылыми,  философиялық  жəне 

теологиялық көзқарасы бойынша түсінігі болуы; 

–  қоғам  дамуы  жайлы:  мəдениет  пен  өркениеттің  алуан  түрлілігі, 

əлеуметтік  тəжірибе  түрлері,  дүниежүзілік  тарихи  жəне  мəдени  кеңістіктегі 

Қазақстанның орны туралы білімді игеруі; 

–  еңбекті  ұйымдастырудың  ғылыми  негіздерін,  ақпараттарды  жинау 

жəне    өңдеу;  педагогикалық,  психологиялық  жəне  əдістемелік  нормалар  мен 

оқыту  жəне  тəрбие  берудің  тəсілдерін,  жоғары  жəне  орта  мектеп 

бағдарламаларының  барлық  мəселелері  бойынша  қазіргі  ғылыми  жəне  оқу 

материалдарын білуі; 

–  мəдениеттің  мəнін,  оның  адамзат  іс-əрекетіндегі  маңызын  білуі, 

адамзаттың мəдени мұрасы мен мəдени құндылықтар туралы түсінігі болуы; 

–  өз  еңбегін  ғылыми  негізде  ұйымдастыра  білу,  кəсіптік  қызмет 

саласында  қажет  ақпаратты  жинау,  сақтау  мен  сұрыптаудың  компьютерлік 

əдістерін меңгеру;  

–   өзінің кəсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне, пəн аралық 

жобалармен жұмыс істеуге əдістік жəне психологиялық жағынан дайын болу. 

– педагогикалық тəжірибесінде жүйелі түрдегі ақпараттарды қолдануды, 

болып  жатқан  əлеуметтік-тарихи  оқиғаларды  талдау  жəне  қорытындылауды; 

өзінің  кəсіби  іс-əрекетінің  сипаты  мен  əлеуметтік-экономикалық  жағдайлар 

өзгерістерінде,  оған  жылдам  көндігу  жəне  бейімделуді;  қазіргі  ақпараттық 

жəне  білімдік  технологияларды  қолданып  өз  бетінше  жаңа  білім  қорларын 

алу;  пəнге  деген  қызығушылығын  тудыру  жəне  білімді  меңгерудің  жоғары 

деңгейін  қалыптастыру  арқылы  тілдік  құбылыстар  мен  заңдылықтарды 

жазбаша жəне ауызша түрде сауатты, əрі дұрыс мағынада жеткізуді; білімдік 

үрдісте пəнаралық байланыстар жүйесін қолдануды білуі тиіс; 

8.2 Əлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігіне  қойылатын талаптар 



ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

11 


 

Бітіруші  түлектердің  білімділік  деңгейі  өз  кезегінде  келесі 

құзыреттіліктерді қалыптастырудың талаптарын көрсетуі тиіс: 

Арнайы  құзыреттілік – пəндік,  психологиялық-педагогикалық, 

əдістемелік  жүйелер  мен  əлеуметтік-гуманитарлық  білім,  тəжірибе  жəне 

дағдыларды  меңгеруге  қабілеттілігі,  жоғары  сынып  оқушыларының  кəсіби 

оқуын жүзеге асыруға қабілеттілігі; 

Коммуникациялық  құзыреттілік – басқа  адамдармен  қажетті  байланыс 

орнатуға  жəне  онымен  араласуға  қабілеттілігі  əрі  түсінікті  болуы,  өз 

қалауымен араласу жəне т.б. 

Ақпараттық  құзыреттілік – ақпараттық  технологияларды  меңгеруге, 

ақпараттың  барлық  түрлерімен  жұмыс  істеуге,  қажетті  ақпараттарды  өз 

бетінше іздей, сұрыптай жəне талдай білуге, əрі оларды жаңартуды, сақтауды 

жəне беруді ұйымдастыруға қабілеттілігі; 

Əлеуметтік құзыреттілік - əлеуметтік өзара қатынаста өмір сүруде жəне 

қалыптасуда,  өзгеруге  жəне  бейімделуге;  басқалармен  келісімге  жетуде 

ұтымды  жəне  жауапты  пікірталасқа;  кəсіби  қауымдастықта  қарым-қатынас 

орнатуды  қолдауға,  өзінің  кəсіби  еңбегінің  нəтижесіне  əлеуметтік 

жауапкершілікті сезінуге қабілеттілігі; 

Кəсіптік-бағдарлық  құзыреттілік – кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстарын, 

оқыту  бағдарына  байланысты  білім  мазмұнын  іріктеп,  екшелеуге  жəне 

білімділік үрдісін жобалау мен ұйымдастыруға, бағдар алдындағы бағдарлық 

сыныптарда  оқыту  технологиялар  мен  инновациялық  əдістер  өзгерістері  мен 

бейімдеуге,  бағдарлы  сынып  оқушыларымен  зерттеу  іс-əрекеттерін 

ұйымдастыруға, бағдар алды жəне бағдарлы сынып оқушыларымен ең соңғы 

əдістемелер  негізінде  дербес  жəне  өз  бетінше  білім  алу  жұмыстарын 

ұйымдастыруға қабілеттілігі.  

Білім  алушының  оқудағы  жетістігіне  бақылау  жəне  олардың  білімін 

циклдар бойынша немесе жекеленген пəндер бойынша бағалау «тіркеу бөлімі 

(офисі)»  арнайы  қызметі  арқылы  оқу  үрдісінің  аралық  кезеңінде  (əрбір 

академиялық уақыты мен оқу жылының аяқталуына орай) жүзеге асырылады 

жəне ол оқудың қорытындылау нəтижесіне бағытталуы тиіс.  

Түлектердің  білімін,  тəжірибесін,  дағдысын  жəне  құзыретттілігін 

бақылау оларға қорытынды аттестация жүргізу барысында жүзеге асырылады. 

8.3  Экономикалық  жəне  ұйымдастыру-басқару  құзыреттілігіне 

қойылатын талаптар 

Қазіргі  білім  синтезі  ретіндегі – қазақ  тілі  мен  əдебиеті  жəне  оның 

құрамдас  бөлігі  болып  табылатын – тіл  салалары,  тарихы,  əдебиеттің  даму 

кезеңдері,  тарихы    жəне  ұйымдастыру-басқарушылық  ойлауды  туындату 

арқылы кеңістіктік, экологиялық, жүйелілік жəне проблемалық құрылғыларға 

жауап бере отырып өз кезегінде қазақ тілі мен əдебиеті жəне басқару жайлы 

білім жүйелерін дамытуда маңызды қызмет атқарады.  

8.4 Кəсіптік  құзыреттілігіне қойылатын талаптар 


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



12

5В012100 - Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі    қазақ  тілі  мен 

əдебиеті мамандығы бойынша бітіруші түлек:  

–  қазақ  тілі  мен  əдебиетінің  қазіргі  жағдайы,  оның  басқа  білім 

салаларымен  өзара  байланысы,  оның  даму  болашағы  мен  оқытудың 

əдістемелік  негіздері  туралы  түсінігі,  өзінің  келешек  кəсібінің  əлеуметтік 

маңызын жəне мəнін түсінуі тиіс;  

–  аталмыш  мамандық  пəндеріне  сəйкес  қазақ  тілі  мен  əдебиеті 

саласының  негізгі  түсініктерін,  заңдылықтары  мен  əдістерін  жəне  кəсіби  іс-

əрекетінде  туындайтын  міндеттерді  шешуде  ғылымның  қазіргі  жетік, 

жаңашыл  əдістерін  қолдануды,  педагогиканың,  психологияның  жəне 

əдістемесінің теориялық жəне қолданбалық аспектілерін меңгеруі қажет;   

– қазақ тілі мен əдебиетін оқытудың əдістері мен тəсілдерін, сынақ қою 

жəне  жоспарлауды,  нəтижелерін  талқылау  жəне  талдауды,  сабақты  өткізу 

жəне  жоспарлауды,  инновациялық  əдіс-тəсілдерді,  жаңа  технологияларды, 

аударма мəселесін,  теориялық жəне тəжірибелік міндеттерді шешуді меңгеруі 

тиіс.  

8.5  Əлеуметтік,  экономикалық,  кəсіби  рөлдердің  ауыс-күйісіне, 



өтпелілік  жəне  белгісіздіктің  үдей  түсуі  жағдайында  географиялық  жəне 

əлеуметтік жұмылдыруларға даяр болуға қойылатын талаптар  

Əлеуметтік жəне экономикалық жағдайлардың, əрі аймақтың іс-əрекеті 

саласында  болуы  мүмкін  өзгерістерге  психологиялық  жағынан  даяр  болуы 

керек.  

Кəсіптің  жаhандануы,  интернационализациялануы  жəне  аймақтануы 

аясында  бітіруші  түлек  алуан  түрлі  физикалық-географиялық,  əлеуметттік-

экономикалық,  саяси-географиялық  жəне  мəдени  аспектілердің  түйінді 

проблемаларын  қазіргі  əлемнің  серпінді  дамуындағы  кəсіби  мəселелерімен 

ұштастыра  отырып,  шешуді  меңгеруі  тиіс.  Осы  заманғы  даму  кезеңіндегі 

білімдік  жəне  экономикалық  кеңістіктегі  ғаламдық  жəне  аймақтық 

деңгейлердегі  қазіргі  интеграциялық  процестердің  мəні  мен  маңызын  түсінуі 

қажет.  Осы  орайда  жаһандану  мен  интеграциялану  процестерін  түсінумен 

бірге, өзінің ойын замана талабына сəйкес тұжырымдай білуі де керек.  

Қоршаған  нақтылы  ортаның  өзгерісі  жағдайында  білім,  тəжірибе  жəне 

дағдылар жүйелерінің бейімделуін, білімнің ұлттық үлгісінің жүзеге асырылу 

жолдарын  жəне  мəнін  міндетті  түрде  білу  қажет.  Қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі    қазақ  тілі  мен  əдебиеті  бакалавры  кəсіби  іс-əрекетінде 

қоғамдық  маңызды  рөлінің  өзгерісіне  даяр  болуы  керек,  мəселен 

терминология бойынша сарапшы т.б. 

8.6  Оқу  пəндерінің  негізгі  циклдері  бойынша  білімділікке  қойылатын 

талаптар 

ЖБП циклі бойынша бітіруші түлек: – біздің мемлекетіміздің тарихын, 

философия,  құқық  негіздері  заңдарын,  əртүрлі  қоғамдық  формациялардағы 

əлеуметтік, саяси жəне экономикалық даму мəселелерін жетік түрде білуі тиіс.  


ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

13 


 

БП  циклы  бойынша  бітіруші  түлек: – психологиялық-педагогикалық 

пəндер  жүйесін,  психология  пəнінің  міндеттері,  салалары,  əдістері  мен 

əдіснамалық  ұстанымдарын  қазіргі  заманғы  мектептегі  білім  мазмұнын, 

кəсіби  білім  берудің  өзара  байланысын,  оқытуды  ұйымдастыру  формалары 

мен əдістерінің сипаттамасын білуі; 

 

«Бакалавриат»  бағдарламасы  көлемінде  қазақ  тілі  мен  əдебиетін,  тіл 



білімі  салаларын,  тіл,  əдебиет  даму  тарихын,  əдебиет  кезеңдерін,

 

негізгі 



заңдары мен олардың іс жүзінде қолданылуын игеруі; 

–  мемлекеттік  стандарттың  бакалавриат  деңгейіндегі  жоғары 

педагогикалық білім көлемінде міндетті компонент пəндері бойынша: қазіргі 

қазақ  тілі  фонетикасы,  қазіргі  қазақ  тілі  лексикологиясы  мен  фразеологиясы, 

қазіргі қазақ тілі сөзжасамы, қазіргі қазақ тілі морфологиясы, қазіргі қазақ тілі 

синтаксисі,  тіл  біліміне  кіріспе,  жалпы  тіл  білімі,  əдебиеттануға  кіріспе, 

əдебиет  теориясы,  халық  ауыз  əдебиеті,  ежелгі  дəуір  əдебиеті,  хандық  дəуір 

əдебиеті, XX ғасыр  əдебиеті,  хх  ғасыр  басындағы  əдебиет;  қазіргі  қазақ 

əдебиеті,  қазақ  диалектологиясы,  когнитивтік  лингвистика  т.б.  практика 

жүзінде қолдана білуді игеруі керек.  

Базалық пəндер циклі бойынша:  

-  қазіргі  мектеп  білімінің  мазмұнынан  білім  беруді  ұйымдастыра  білуі 

керек;    



-педагогиканың 

теориялық-əдістемелік, 

дидактикалық, 

этнопедагогикалық негіздерін білуі керек;  



-  жалпы  тіл  біліміндегі  теориялық,  əдістанымдық  негіздерді  білу,  осы 

заманғы ғылыми тұжырымдармен таныс болуы керек;  



əдебиеттану ғылымының, қазақ əдебиеті даму дəуірлерінің теориялық, 

практикалық мəселелерін жете игеруі керек.  

Кəсіптендіру пəндер циклі бойынша:  

-  қазақ  тілі  мен  əдебиетін  оқытудың  озық  əдістемелік  тəсілдерін, 

бағыттарын білуі керек;  



-  əдеби  тілдің  тарихи  негіздерін,  даму  кезеңдерін,  жазба  əдеби  тілдің 

стильдерін білуі тиіс.    

Қазақ  тілі  бойынша:  қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы,  лексикасы, 

сөзжасамы,  морфологиясы,  синтаксисі,  тілдің  шығу,  даму  заңдылықтары, 

жазу, əлем тілдері жəне олардың классификациясы, қазақ тілі диалектілері, тіл 

білім тарихы, ондағы дəуірлер мен ағымдар, тілді зерттеу əдістері, шет елдер 

тіл біліміндегі концепциялар, қазақ тілін  оқыту əдістемесі т.б. жайлы жүйелі 

білімді  қалыптастырудың дағдыларын меңгеруі тиіс. 

Қазақ  əдебиеті  бойынша:  балалар  əдебиетінің  ерекшелігі,  көркем 

əдебиет ерекшелігі, əдеби жанрлар, фольклордың тарихы мен теориясы, түркі 

халықтарына  ортақ  əдебиет,  хандық  дəуір  əдебиеті,  ақын-жыраулар 

шығармашылығы, ағартушылық бағыттағы əдебиет, хх ғасыр басындағы қазақ 

əдебиеті, қазіргі қазақ əдебиеті т.б. туралы ұғынулары қажет.  


ҚР МЖМБС 6.08.077- 2010 

 

 



14

БП жəне КП циклдерінің таңдау бойынша компонентінің пəндері басты 

екі  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  бағытының  негізгі  оқу  курстарынан  алған 

білімдерін ары қарай  тереңдетумен қатар, тіл тарихын меңгерту мақсатында 

білім негіздерін береді.  

  



9 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

əдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны 

 

9.1 Білім беру мазмұнының пəндер бойынша жинақталған түрі 



 

1-

 



кесте  

 

Пəн 


циклінің 

қысқар- 


тылған 

атауы 


 

Пəндердің жəне оның негізгі бөлімдерінің 

 атаулары 

 

Кредит 



(сағат) 

көлемі 



ЖБП 1 

Жалпы білім беру пəндері 32 

(1440)

MK 1.1 

Міндетті компонент 32 

(1440)

1.1.01 


Қазақстан тарихы  

“Қазақстан  тарихына”  кіріспе.  Қазақстан  ежелгі 

дəуірде. 

Қазақстанның  ежелгі  тарихы.  Палеолит  (ежелгі  тас 

ғасыры),  мезолит  (орта  тас  ғасыры),  Неолит  (жаңа  тас 

ғасыры).  Қола  дəуірі.  Ерте  мемлекеттік  құрылымдар. 

Сақтар. Үйсіндер мен қаңлылар. Ғұндар.  

Қазақстан 

ортағасырларда. 

Ерте 


орта 

ғасыр 


мемлекеттері (VІ – X ғғ.).  Түрік  қағанаты.  Түргештер. 

Қарлұқтар. Оғыздар. Қимақтар. VІ – X ғғ. Қазақстанның 

экономикалық, мəдени өмірі.  

Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ – ХІІІ ғ. 

басы).  Қарахандар.  Қарақытайлар.  Найман-дар  мен 

керейлер.  Қыпшақтар.  ХІ  ғ. – ХІІІ  ғ.  басындағы 

Қазақстан  экономикасы  мен  мəдениетінің  дамуы. 

Қазақстан  монғол  басқыншылығы  кезеңінде.  Алтын 

Орда. ХІV – ХV ғғ. 

ортағасырлық  мемлекеттер.  Көк  Орда  жəне  Ақ  Орда 

мемлекеттері.  Моғолстан.  Көшпелі  өзбектер  мемлекеті. 

Ноғай ордасы. Сібір хандығы.  

Қазақ  халқының  қалыптасуы. “Қазақ”  этнонимі.  Қазақ 

жүздері. ХV ғ.–ХV ІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. ХІV  

–  ХVІІІ  ғ.  басындағы  қазақтардың  мəдениеті.  Жаңа 

замандағы Қазақстан (ХVІІІ – ХХ ғ. басы). Қазақстан  

 


ҚР МЖМБС 6.08.077-2010 

15 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет