190
Жоспарлау жұмысы:
- пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу
мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкес келетін оқу мақсаттарын анықтау;
- сәйкес келетін оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді
жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау;
- пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары
бойынша олқылықтары
анықталған оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестер кестесін жасау.
Жүзеге асыру және талдау жұмысы:
-
пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа
мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа оқу мақсаттарын
меңгерту;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән
тақырыптары бойынша білім алушылар үшін
қосымша оқу материалдарын
дайындау;
- білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен
білімдегі
олқылықтардың
орнын
толықтыру
мақсатында,
жеке
консультациялар, қосымша сабақтар («демалыс мектептері», «каникулдық
мектептер», «жазғы мектептер» ұйымдастыру) өткізуде пән бойынша күрделі
тақырыптарды меңгерту;
- білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі
мониторинг
жұмысының нәтижесін талдау
және әдістемелік бірлестікте талқылау
ұсынылады.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша шектеу
шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі
олқылықтарды анықтауды
ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша
жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша
анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады:
-
қоғамдық қатынастар;
- мәдениеттің дамуы;
- саяси жүйелер;
- экономикалық қатынастар.
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты
жүйесін құруға мүмкіндік береді, өйткені жоспарлау кезінде мұғалім
зерттелетін тақырыптар мен білім алушылардың олқылықтары болған
тақырыптар мен оқу мақсаттарын байланыстыра алады.
Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен
оқу жылындағы
меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:
6-сыныпта:
6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын
сипаттау оқу мақсаты мен 5.1.2.1. ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын
сипаттау оқу мақсатын;