33
Білім беру ұйымдарында 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша
сынып сағаттарын
айына бір рет өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.
«Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында тәрбиелік іс-
шаралар кешенін іске асыру экологиялық мәдениетті қалыптастыруға,
қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді. Пәндік салалар арқылы білім
алушылар өсімдіктердің әр түрімен және декоративті өсімдіктерді көбейту
тәсілдерімен (биоалуантүрлілік); білім беру ұйымдарында және үйде энергия
тұтыну құрылымымен, оны үнемдеу тәсілдерімен (энергия үнемдеу); мектепте
және үйде суды үнемді пайдалану мүмкіндігімен (су үнемдеу); қалдықтардың
пайда болу көздері, оларды азайту тәсілдерін анықтау, қоқысты бөлек жинауды
енгізу (қалдықтармен жұмыс істеу) және т.б. танысады.
Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік
маңызы бар іс-шараларды: акцияларды, көрмелерді, мектеп пен оған іргелес
аумақты үздік көгалдандыруға арналған конкурстарды, экологиялық
бастамаларды, жергілікті халыққа экологиялық білім беруді жандандыру қажет.
Білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі
– жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде
экожұма, «Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында
сынып сағаттарын өткізу. Бұдан басқа, эко-фестивальді, эко-квесттерді,
қоқыстан арт-объектілер құру бойынша мастер-класстарды ұйымдастыру,
экологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрлық
қойылымдарды дайындау, шикізатты қайта өңдей отырып экоматериалдан
бұйымдар жасау ең үздік тәжірибелердің бірі болып есептеледі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізін білім беру
ұйымдарының, ауданның, қаланың аумақтарын көгалдандыру және
абаттандыру бойынша сенбіліктер; «Жасыл ел» қозғалысы шеңберінде жасыл
желектер отырғызу, еріктілер қозғалысы, табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: