4 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Шағын
жинақты
мектептер
мен
тірек
мектептердің
(ресурс
орталықтарының) қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен (3-қосымша) бекітілген жалпы
білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)
түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларына, осы әдістемелік нұсқау хатқа,
ҚР БҒМ бекіткен тірек мектептердің (ресурс орталығының) қызметі туралы
ережеге және білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда
білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып жүргізіледі.
323
Шағын жинақты мектепте әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану
кезінде 1, 2 жас айырмашылығын ескере отырып, екі сыныпты біріктіруге жол
беріледі. Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың
жылжымалы кестесі қолданылады.
Облыстық және аудандық/қалалық білім басқармасы әдістемелік
кабинет/орталықтары шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне біріктірілген сыныптарда оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік қолдауды
күшейту қажет.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және ҚР БҒМ 05.06.2020 жылғы № 231 бұйрығымен
бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жалпы білім
беретін мектеп базасында облыстық білім басқармасының қаулысымен құрылады.
Магниттік мектептер қатары тірек мектепке (ресурстық орталыққа)
аудандық/қалалық білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.
Тірек мектеп пен магниттік шағын жинақты мектептің оқу қызметін
ресурстық орталық пен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық
кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектептер базасында
инварианттық компонент пәндерін оқытуға байланысты:
- бағыттау сессиясы – қазанның бастапқы онкүндігі (10 күн);
- аралық сессия – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн);
- қорытынды сессия – сәуірдің үшінші онкүндігінде (10 күн) оқу
сессиялары өткізіледі.
8-11-сыныптардың білім алушылары үшін оқу сессияларын тірек мектептер
базасында өткізу міндетті болса, 5-7-сыныптар үшін оқу сессияларын білім беру
ұйымының шешімі бойынша өткізеді.
Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру
орталығы ретінде толық күндік мектеп есебінде жұмыс жүргізеді.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын
өткізу кезінде аудандардың/қалалардың білім беру бөлімі ШЖМ білім
алушыларын тасымалдауға, тамақтандыруға, тұруға, қосымша білім беруге
қарастырылған қаражат білім басқармасының тиісті бұйрығымен ресімделеді.
Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да
педагогтердің магниттік мектептерге шығуымен қашықтан және штаттық режимде
тірек мектептің (ресурстық орталықтың) пән мұғалімдерінің қолдауымен өтеді.
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары шектеу шаралары кезінде
әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен
байланысты, оның ішінде халықтың ауруларының алдын алу мен емдеу,
санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
кезеңінде, қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде қашықтан оқытуға
ауыстырылады.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу
бойынша жұмысты үйлестіреді.
Аудандық/ қалалық әдістемелік кабинеттер тірек мектептердің бейіндік
бағытын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әзірлеуге,
оқытудың жеке бағдарламаларын жасауға, қашықтан оқыту нысандарының
мазмұнына, оқыту әдістеріне және арнайы курстарға көмектеседі.
324
Шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын қолдау және арттыру
үшін «Мобильді мұғалім» мен «Уақытша отбасы» жобалары маңызды іс-шара
болады.