Байланысты: аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында
«Физика» оқу пәні 10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар: Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарлары.
2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
81-кестеде көрсетілген.
81-кесте. «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Жалпы оқу жүктемесінің көлемі, сағат
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары
Жаңартылған мазмұнындағы үлгілік оқу жоспары
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
10 (ҚГБ)
2
68
1
34
10 (ЖМБ)
3
102
2
68
11 (ҚГБ)
2
68
1
34
11(ЖМБ)
3
102
2
68
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) негізінде Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары қысқартылған (82-кесте).