Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет199/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

4 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен (3-қосымша) бекітілген жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларына, осы әдістемелік нұсқау хатқа, ҚР БҒМ бекіткен тірек мектептердің (ресурс орталығының) қызметі туралы ережеге және білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып жүргізіледі.
Шағын жинақты мектепте әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмашылығын ескере отырып, екі сыныпты біріктіруге жол беріледі. Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады.
Облыстық және аудандық/қалалық білім басқармасы әдістемелік кабинет/орталықтары шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне біріктірілген сыныптарда оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік қолдауды күшейту қажет.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және ҚР БҒМ 05.06.2020 жылғы № 231 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық білім басқармасының қаулысымен құрылады.
Магниттік мектептер қатары тірек мектепке (ресурстық орталыққа) аудандық/қалалық білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.
Тірек мектеп пен магниттік шағын жинақты мектептің оқу қызметін ресурстық орталық пен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектептер базасында инварианттық компонент пәндерін оқытуға байланысты:

  • бағыттау сессиясы – қазанның бастапқы онкүндігі (10 күн);

  • аралық сессия – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн);

  • қорытынды сессия – сәуірдің үшінші онкүндігінде (10 күн) оқу сессиялары өткізіледі.

8-11-сыныптардың білім алушылары үшін оқу сессияларын тірек мектептер базасында өткізу міндетті болса, 5-7-сыныптар үшін оқу сессияларын білім беру ұйымының шешімі бойынша өткізеді.
Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру орталығы ретінде толық күндік мектеп есебінде жұмыс жүргізеді.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын өткізу кезінде аудандардың/қалалардың білім беру бөлімі ШЖМ білім алушыларын тасымалдауға, тамақтандыруға, тұруға, қосымша білім беруге қарастырылған қаражат білім басқармасының тиісті бұйрығымен ресімделеді.
Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да педагогтердің магниттік мектептерге шығуымен қашықтан және штаттық режимде тірек мектептің (ресурстық орталықтың) пән мұғалімдерінің қолдауымен өтеді.
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары шектеу шаралары кезінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты, оның ішінде халықтың ауруларының алдын алу мен емдеу, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кезеңінде, қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді.
Аудандық/ қалалық әдістемелік кабинеттер тірек мектептердің бейіндік бағытын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әзірлеуге, оқытудың жеке бағдарламаларын жасауға, қашықтан оқыту нысандарының мазмұнына, оқыту әдістеріне және арнайы курстарға көмектеседі.
Шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын қолдау және арттыру үшін «Мобильді мұғалім» мен «Уақытша отбасы» жобалары маңызды іс-шара болады.
1. «Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын енгізу
«Мобильді мұғалім» – бірнеше елдімекендердің шағын жинақты мектептерінде бірнеше мектеппен қатар жұмыс жасау сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог.
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің мақсаты – ШЖМ білім алушыларының сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің негізгі міндеттері:

  1. шағын жинақты мектеп білім алушыларының сапалы білім алуына қолжетімділік;

  2. ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру;

  3. ауыл мектептерін білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.

«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын іске асыру облыстық білім басқармаларының бұйрығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде инварианттық компоненттің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша сұранысқа ие оқу пәндері бойынша шағын жинақталған мектептер базасында жүзеге асырылады.
«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын жүзеге асыру талаптары:

  1. ауданның ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету

қажеттілігі;

  1. білім беру ұйымы басшыларының жобаға қатысуға келісімі;

  2. жобаға қатысуға кемінде үш пән мұғалімінің келісімі;

  3. бірнеше елдімекендердің шағын жинақты мектептері мен жол жүру сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген педагог арасында бір оқу жылына арналған келісімшарттың болуы; 5) мұғалімнің денсаулығы туралы анықтамасы.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогке қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білімінің болуы;

  • педагогикалық еңбек өтілінің он бес жылдан кем болмауы;

  • біліктілік санатының «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» болуы;

  • білім алушылардың оқу пәні және сабақтан тыс жұмыстар бойынша оқу жетістіктерінің жоғары нәтижелері.

Жобаға қатысушылардың функциялары:

  1. «Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің негізгі қызмет мектебі педагогтің жұмыс кестесін ескере отырып, ыңғайлы кесте жасайды және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады;

  2. «Мобильді мұғалім» жобасына қатысатын педагог жүріп-тұру маршрутын жасайды және мектеп әкімшілігімен келіседі;

  3. «Мобильді мұғалімді» келісімшарты бойынша қабылдайтын ауыл мектептері сабақ кестесін құрады, сабақтарды кедергісіз өткізуге жағдай жасайды;

  4. ауыл мектептері қашықтан оқыту қажет болған жағдайда білім алушылар мен мобильді мұғалімді компьютерлермен және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге ықпал етеді;

  5. ауылдық мектептер «Мобильді мұғалім» жобасына қатысатын педагогтің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Мобильді мұғалімнің жол жүруіне, тұруына және жалақысына ақшалай қаражат төлеуді ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
2. «Уақытша отбасы» жобасын масштабтау (2018-2021 жылдардағы 102 уақытша отбасында шалғайдағы елдімекендерден 106 бала тұратын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесінен).
«Уақытша отбасы» – шағын елдімекендерден білім беру процесі кезеңіне (бір оқу жылына) мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуге уақытша қабылдайтын отбасы.
«Уақытша отбасы» – баланың (балалардың) ата-анасы болып табылмайтын, бірақ ол үшін ата-ана жауапкершілігін мойнына алатын, отбасына орналастырылған балаға (балаларға) олардың жазбаша келісімімен қамқорлық жасайтын және тәрбиелейтін заңды тұлға (тұлғалар).
«Уақытша отбасы» жобасына қатысатын отбасының қызметі облыстардың білім басқармасының бұйрығы және «Уақытша отбасы» жобасын енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады (ақпарат nao.kz сайтында қол жетімді).
Балаларды уақытша отбасына беру үшін ата-аналар тиісті құжаттарды:

  1. үміткердің ғана емес, оның ата-анасының да денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;

  2. наркологиялық, психиатриялық, туберкулез, тері-венерологиялық диспансерлерден анықтаманы;

  3. соттылығының жоқтығы туралы анықтама және т.б. ұсынуы керек.

Барлық талаптар сақталған жағдайда шешім қабылданады және баланы (балаларды) «Уақытша отбасына» беру туралы үшжақты келісімшарт жасалады.
Келісімшарт «Уақытша отбасының» тұрғылықты жері бойынша баланы (балаларды) өз отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, баланың (балалардың) ата-аналары немесе заңды өкілдері және білім беру ұйымы арасында жасалады.
Баланы күтіп-бағуға және жалақыға ақшалай қаражат төлеуді «Уақытша отбасының» тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
3. Үлгерімі төмен мектептерге «Мықты мектептердің» қамқорлығын ұйымдастыру.
2021-2022 оқу жылында менеджмент, білім алушыларды психологиялықпедагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік сүйемелдеу мәселелерінде нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне «мықты мектептердің» қамқорлығын ұйымдастыру қажет.
Үлгерімі төмен мектептерге «мықты мектептердің» қамқорлығының негізгі міндеттері: 1) нәтижелілігі төмен ауыл мектептерінің жұмысын жетілдіру және оларды сүйемелдеу; 2) ауыл мектептері педагогтерінің білім алушылардың оқу уәждемесін және кәсіби құзыреттілігін арттыру; 3) қала және ауыл педагогтері мен білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту; 4) қала және ауыл мектептерінің тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет