Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету



бет204/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

2. Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету
Білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу, өздігінен өмірлік таңдау жасауға дайындауды негізге ала отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын, жалпы орта білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту басымдығы ретінде білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындады.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басты педагогикалық мақсаты – Қазақстанның адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және құзыретті азаматын тәрбиелеу.
Мамандандырылған мектептің оқушыларын тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді ұйымдастыру келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
1. Азаматтыққа, патриотизмге, адам құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құндылықтар:

  • Отанға, өз халқына, туған жеріне деген махаббат;

  • Отанға қызмет ету; құқықтық мемлекет; азаматтық қоғам;

  • Отан, аға ұрпақ пен отбасы алдындағы парызы; - заң және құқықтық тәртіп; этносаралық әлем; - еркіндік пен жауапкершілік; адамдарға сенім.

2. Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тәрбиелеу.
Құндылықтар:

  • адамгершілік таңдау;

  • өмірдің мәні; әділдік;

  • қайырымдылық; ар-намыс; абырой; махаббат;

  • ата-ананы құрметтеу;

  • үлкен мен кішіге қамқорлық жасау; ар-ождан бостандығы.

3. Денсаулық пен салауатты өмір салтына қарым-қатынас құндылықтарын қалыптастыру.
Құндылықтар:
- дене саулығы, әлеуметтік денсаулық (отбасы мүшелерінің және мектеп ұжымының денсаулығы), белсенді, салауатты өмір салты.
4. Табиғатқа, қоршаған ортаға қарым-қатынас құндылықтарына тәрбиелеу (экологиялық тәрбие).
Құндылықтар:
- өмір; туған жер; - тұмса табиғат; - Жер шары.
5. Әсемдік құндылығына қарым-қатынасты тәрбиелеу, эстетикалық мінсіздіктер мен құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыру (эстетикалық тәрбие).
Құндылықтар:

Көрсетілген негізгі бағыттар мен олардың міндеттерінің құндылық негіздеріне сай мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмысы үшін ісәрекет түрлері мен формасы нақтыланады, ол өз кезегінде тәрбие мен әлеуметтендірудің қандай да бір бағытына басымдық бере алады. Бұл ретте, «Білім туралы» Заңға сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Тәрбие тұжырымдамасы білім берудің ең маңызды мақсаты ретінде тұлғаның азаматтық қалыптасуы контексінде рухани-адамгершілік дамуын белгілейтінін естен шығармаған жөн. Сондықтан тәрбие мен әлеуметтендірудің барлық бағыттары маңызды, олар бір-бірін толықтыра отырып, отандық рухани, адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатындағы кез келген іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.
Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір іс-әрекетке қатысу нәтижесінде алған рухани-адамгершілік құндылықтар.
Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбие нәтижесі үш деңгейге бөлінеді.
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар, қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік ұнамды-ұнамсыз түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы түсінік. Аталған деңгейдегі нәтижеге жетуде маңызды орын алатыны – тәрбиеленушінің күнделікті тәжірибесі мен оң әлеуметтік білімді тұлға ретіндегі өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы.
Екінші деңгей – қоғамның басты құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң қарым-қатынасы мен оларға деген жанашырлық тәжірибесінің, жалпы алғандағы әлеуметтік ақиқатқа деген қарымқатынас құндылықтарының қалыптасуы. Аталған межеге жету үшін сынып, мектеп деңгейінде, яғни жолдастық, қауіпсіз әлеуметтенген ортада өзара қарымқатынас ерекше орын алады. Осындай таныс әлеуметтік ортада бала ең алғашқы әлеуметтік білімдерді тәжірибеде қолданудың қадамдарын жасайды, оларды бағалай бастайды не теріс деп таниды.
Үшінші деңгей – оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесіне ие болуы. Аталған деңгейге жетуде оқушылардың мектептен тыс немесе ашық қоғамдық ортада әлеуметтік маңызды субъектілермен қарым-қатынас жасауы маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет