Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет43/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   234
21-кесте. Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады

  • мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;

  • есепті жетіспейтін мәліметпен

толықтыра алады;

  • жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

  • артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;

  • есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;

  • бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады

3

Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі

  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; - есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;

  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

  • заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

  • элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;

  • топтастыра және қорытынды жасай алады.

Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген
(22-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет