Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні –



бет70/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – «Абайтану» пәні енгізілді.
«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы
27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:

  1. тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау;

  2. тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми еңбектерді оқыту;

  3. дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.

«Абайтану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар ілімі, адамгершілік мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген:

  1. оқу және түсіну;

  2. талдау және жинақтау;

  3. бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).

«Оқу және түсіну» бөлімінде: мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой түйіндерін пайымдап оқу, мәтіннің тілдік ерекшелігін (лексикалық, образдық мәнін) игеру, шығарма үзінділерімен жұмыс, шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн, (ауызша, жазбаша) интерпретация;
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық құрылымы, көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер;
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде:
шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркемэстетикалық құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелері қамтылған.
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері, қарасөздері мен поэмалары, сондай-ақ М.Әуезовтің «Абайдың өмірбаяны», «Зерек те талапты жас» мақалаларымен қатар қосымша оқуға да шығармалар тізімі ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет