Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты



бет10/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп атап айтқан. Педагог – кәсіби, толерантты және жоғары мәдениетті, парасатты болуы тиіс. Ол білім алушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас стилін, сөйлеу мәдениеті мен кәсібиіскерлік, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды.
Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдары педагогтің оң имиджін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады.
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос лауазымына өткізіледі.
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын және «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.
Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат) қосымша педагог қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет