Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz)



бет16/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz).
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету келесі материалдарда:

  • Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың

Тұжырымдамалық негіздерінде;

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»: әлеуметтік – тарихи тәжірибе») бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі» (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарда;

  • «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» әдістемелік ұсынымдарында;

  • «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген (https://www.nao.kz).

«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдар https://www.nao.kzсайтында орналастырылған.
Аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік құрал www.zhasulan.kz сайтында орналастырылған https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14.
Білім беру ұйымдарының қазіргі заманға сай жұмыс жасауында білім беру ұйымын демократиялық басқару жағдайларын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер туындайды, бұл кезде тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар да білім беру процесінің толық құқығы бар субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына ықпал етеді.
Осыған байланысты мектептің өзін-өзі басқару органдарына мектеп парламенттері түрінде маңызды рөл беру ұсынылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамытудың
«Мектеп/Студенттік парламент» тұжырымдамасы ҚР БҒМ 15.02.2021 жылғы №1-18-4/566-И шығыс хатымен Қазақстанның барлық өңірлеріне жолданды және https://www.ziyatker.org/schoolparliamentсайтына орналастырылды.
Тәрбие бағытының бірі – білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемасын белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениет адамын тәрбиелеу міндеті тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет