Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тоқсанның соңында оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу қарастырылған. Сыныптар бойынша зерттеу тақырыптары төменде берілген.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.