Мұғалімдер үшін: оқу және күнтізбелік жоспарлар, электрондық журнал, оқу материалдары, емтихан рәсімдерін өткізу, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу
Білім алушылар мен ата-аналар үшін: электрондық күнделік, чат.
Пайдаланылуы
Педагогтар мен білім алушыларға қолжетімділік деректерін мектептер береді, ата-аналар онлайн тіркеуден өте алады
iMektep мектептеріне арналған білім беру платформасы
Орналасуы
https://imektep.kz/
Мүмкіндіктері
Қазақ тілі, оқу, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, өзінөзі тану пәндері бойынша жазылған бейнесабақтар
Пайдаланылуы
Порталға кіру үшін авторизация талап етіледі. Сонымен бірге, бірнеше бейнесабақ ақысыз қолжетімді.
TopIQ электронды оқулықтар платформасы
Орналасуы
https://topiq.kz/
Мүмкіндіктері
Педагогтар үшін: 1-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтар кітапханасы, мультимедиалық және интерактивті компоненттер оқулыққа енгізілген, тапсырмалардың мақсаты, электронды журналдар, үлгерім статистикасы.
Білім алушылар үшін: электронды оқулықтар кітапханасы, мұғалімге тапсырмалар алу және жіберу, нәтижелерді есепке алу, жеке шотқа оқу материалдарын алу мүмкіндігі бар.
Пайдаланылуы
Жүйеге кіруге арналған активтендіру деректері мектеп әкімшілігіне бекітілген. Кез келген пайдаланушыға онлайн тіркеуден өту мүмкіндігі бар
Қашықтан оқыту нысанын анықтау қажет Онлайн режимінде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады.
Асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде педагогтар мен білім алушылар бір-бірінен еркін түрде жұмыс істейтін ресурстары мен онлайнсабақтары бар сәйкес білім беру онлайн-платформасын таңдау қажет.
Өз материалдарын қолдана отырып сабақ өткізу үшін білім алушыларға берілген контексте тапсырмаларды орналастырудың ең ыңғайлы құралы - үй тапсырмасы модулі бар электронды күнделік. Дискіге материалдарды (немесе оларға сілтемелерді) сала отырып (Google Диск, Облако Mail.ru және т.б.), оларға сілтемені электрондық журналға орналастыру керек.