Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет57/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

28-кесте. 5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығының нормасы

Сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

5-сынып

105 – 115 сөз

110 – 120 сөз

6-сынып

115 – 125 сөз

120 – 130 сөз

7-сынып

125 – 135 сөз

130 – 140 сөз

8-сынып

135 – 145 сөз

150 – 160 сөз

9-сынып

145 – 155 сөз

170 – 180 сөз

Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерді (29-кесте).
29-кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар

Сынып тар

Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Айтылым

тыңдалым ұзақтығы

мәтіндегі сөз саны

диалог

монолог

5

3-5 минут

200-300 сөз

300-400 сөз

150-200 сөз

6-8 сөйлем

8-10 сөйлем

6

3-7 минут

300-500 сөз

300-500 сөз

200-250 сөз

8-10

10-12
















сөйлем

сөйлем

7

5-9 минут

300-700 сөз

500-700 сөз

250-300 сөз

10-12 сөйлем

12-14 сөйлем

8

5-11 минут

500-900 сөз

500-800 сөз

300-350 сөз

12-14 сөйлем

14-16 сөйлем

9

5-13 минут

500-1000 сөз

500-900 сөз

350-400 сөз

12-14 сөйлем

14-16 сөйлем

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
30-кестеде берілген.
30-кесте. 5-9-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен өткізілетін БЖБ саны

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

5

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

6

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

7

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

8

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

9

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2


5-9-сынып білім алушыларына Ы. Алтынсариннің еңбектерін насихаттау мақсатында (Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай) диктант жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

2021-2022 оқу жылының ерекшелігі өткен оқу жылдарындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылындағы оқу бағдарламасының меңгерілуін қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау үшін төмендегі жұмыс реті ұсынылады.
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті (әрбір пән мұғалімі үшін)



Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін
консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):




қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі; тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.




Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі
олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа мақсаттарға қол жеткізу

17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа мақсаттарға қол жеткізу

18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру

20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалық есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау

«Қазақ тілі» пәнінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа оқу жылындағы оқу мақсаттарын анықтау қажет.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 5-сынып білім алушылары үшін бастауыш сынып бағдарламасы негізінде білім алушылардың біліміндегі орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» пәнінен күрделі оқу мақсаттарын кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады. Ол үшін мұғалім бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізуі тиіс.
Бастауыш сынып бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың күрделілігі анықталады. Мысалы, қандай да бір оқу мақсатын меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып ең күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі.
Кіріктіруге келмейтін күрделі оқу мақсаттары, соның ішінде «тыңдалым/айтылым» бөлімінің оқу мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер беру кестесін жасап, төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастыру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет