Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  бойынша



Pdf көрінісі
бет198/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   369
«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  бойынша  өткен  оқу  жылындағы 
меңгерілмеген  келесі  оқу  мақсаттарын  оқу  тапсырмаларында  біріктіру 
ұсынылады: 
6-сыныпта: 
6.2.2.3  антикалық  мәдениет  пен  байланыс  орнату  арқылы  Қайта  өрлеу 
дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау оқу мақсаты мен 5.2.2.3 
ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру оқу мақсатын;  
6.4.2.1  экономикалық  қатынастардың  формаларын  түсіндіру  арқылы 
феодалдық  шаруашылықтың  ерекшеліктерін  сипаттау  мен  5.4.2.1 
экономикалық  ілгерілеуді  түсіну  үшін  шаруашылықтың  иемденуші  және 
өндіруші  түрлерін  салыстыру  оқу  мақсаты  бойынша  салыстырмалы  талдау 
тапсырмасын беру ұсынылады; 
7-сыныпта: 
7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы, адам мен қоғам 
өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдауда 6.2.4.1 адам өміріндегі 
қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру оқу мақсатын;  
7.3.1.4  әртүрлі  елдердің  бір  уақыт  кезеңіндегі  тарихи  оқиғаларын 
салыстыру  арқылы  ұлттық  мемлекеттердің  (Италия,  Германия)  қалыптасу 


192 
 
маңызын  анықтауда  6.3.1.4  феодалдық  соғыстар  мен  орталықтандырылған 
мемлекеттердің  құрылуы  арасында  байланыс  орнату  оқу  мақсатын 
тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады; 
8-сыныпта:  
8.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің 
(конвейер  өндірісі,  стандарттау)  мемлекеттердің  шаруашылық  жүйесінің 
дамуына  ықпалын  бағалауда  7.4.1.1  себеп-салдарды  анықтау  арқылы 
Еуропадағы  феодалдық  құрылыстан  капиталистік  шаруашылыққа  (мануфак 
тура, фабрика) өту процесін түсіндіру оқу мақсатын;  
8.4.2.1  «жоспарлы  экономика»,«нарықтық  экономика»  ұғымдарын 
қолдана  отырып,  XX  ғасырдың  бірінші  жартысын  дағы  капитализм  мен 
социализмнің 
экономикалық 
жүйелерін 
салыстыруда 
7.4.2.1 
түрлі 
мемлекеттердің  өнеркәсіптік  даму  сатысына  өту  процесінің  ерекшеліктерін 
анықтау оқу мақсатын кіріктіру; 
9-сыныпта: 
9.2.1.1  қоғам  өміріндегі  дәстүрлі  және  деструктивті  діни  ұйымдардың 
іс-әрекетіне  баға  беру  оқу  мақсатын  меңгертуде  8.2.1.1  тарихи  кезеңдердің 
ерекшеліктерін  салыстыра  отырып,  мемлекет  пен  діннің  өзара  қатынасын 
сипаттау оқу мақсатын;  
9.2.4.3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық 
технологиялар,  нанотехнологиялар,  ядролық  физика)  қоғам  дамуына  ықпалын 
талдауда 
8.2.4.3 
әскери 
ғылым 
мен 
техниканың 
және 
соғыс 
стратегияларының рөлін бағалау оқу мақсаты; 
9.3.2.5 
аймақтық 
шиеленістердің 
себептері 
мен 
салдарын 
тұжырымдауда 8.3.2.5 ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуін 
және  мемлекеттердің  саяси  құрылымын  сипаттау  оқу  мақсаты  бойынша 
тапсырманы кіріктіру ұсынылады.  
Сонымен  қатар  тарихи  зерттеулер  жүргізу,  тарихи  оқиғаларды, 
процестерді, құбылыстарды бағалау дағдыларын қалыптастыру, қазіргі заманғы 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  процестерге  бағдарлану  үшін 
білім  алушылардың  тарихи  білім  мен  дағдыларды  пайдалану  қабілетіне  назар 
аудару ұсынылады.  
Білім  алушылардың  біліміндегі  олқылықтардың  орнын  толықтыру 
бойынша  қосымша  сабақтар,  шағын  топтармен  жұмысты  ұйымдастыру 
кезінде оқу пәндері бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту ұсынылады. 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  қайталау  және  бекітуге  арналған 
тақырыптар: 
6-сыныпта  5-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Қазақстан 
аумағындағы  тас  дәуірінің  тұрақтары»;  «Андронов  және  Беғазы-Дәндібай 
мәдениеті»;  «Сақтар  туралы  тарихи  мәліметтер»;  «Үйсіндер  туралы  жазба 
деректер»; «Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті»; 
«Ғұн тайпаларының бірігуі», «Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы»; 


193 
 
7-сыныпта  6-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Қазақстан 
аумағындағы  ерте  ортағасырлық  мемлекеттер»;  «Түркі  әлемі  қалыптасуының 
басталуы»; «X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси 
процестер»;  «Қыпшақ  хандығы»;  «Моңғол  шапқыншылықтарының  салдары»; 
«Қазақстан  аумағында ұлыстардың  құрылуы»;  «Қазақ  хандығының  құрылуы», 
«XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті»;  
8-сыныпта  7-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Қазақ 
хандығының  Ресей  империясына  қосылуының  басталауы»;  «Сырым  Датұлы 
бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс»;  «Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 
қозғалыс»;  «XIX  ғасырдың  40-60  жылдарындағы  қазақтардың  ортаазиялық 
хандықтармен  қарым-қатынастары»;  «XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
Қазақстандағы  әкімшілік-аумақтық  реформалар»;  «Қазақтардың  1860-1870 
жылдардағы  азаттық  күресі»;  «XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
қоғамы»; «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша 
тарихи дәстүрлерінің дамуы».  
9-сыныпта 
8-сыныптың 
келесі 
тақырыптары 
ұсынылады: 
«Қазақстанның  ХХ  ғасырдың  басындағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы»; 
«Қазақстан 
азаматтық 
қарсыластық 
жылдарында 
(1917-1920жж.)», 
«Қазақстандағы ұлттық автономиялар»; «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы 
индустрияландыру»;  «Қазақстандағы  ұжымдастыру»,  «1920-1930  жылдардағы 
саяси  репрессиялар»;  «Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  шайқастарына 
қатысуы».  
Мысалы, «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша: 
6-сыныптан  5-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Таяу  және 
Орта  Шығыстағы  ежелгі  империялар  неліктен  қуатты  болды?»;  «Ежелгі  Орта 
Азия  империялары  қаншалықты  қуатты  болды?»;  «Ежелгі  дүниенің  мәдени 
мұрасы қандай?». 
7-сыныпта  6-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Неліктен 
VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды?»; «Еуропада 
орталықтандырылған  мемлекеттер  қалай  құрылды?»;  «Шығыстағы  Ренессанс 
әлемдік мәдениетті қалай байытты?».  
8-сыныпта  7-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «Өнеркәсіп 
төңкерісі әлемді қалай өзгертті?»; «1848 жылғы революциялар Еуропада қандай 
саяси  идеяларды  қалыптастырды?»;  «Италия  және  Германияның  бірігу 
жолдары  қаншалықты  бір-біріне  ұқсас  болмады?»;  «XІX  ғасырдағы  өнер  мен 
әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?». 
9-сыныпта  8-сыныптың  келесі  тақырыптары  ұсынылады:  «XIX 
ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді?»; «Әлем елдері 
Ұлы  дағдарыстан  қалай  шықты?»;  «ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай?». 
 Білім 
олқылықтарының  орнын  толықтыру  бойынша  жұмысты 
ұйымдастыру  кезінде  оқытудың  келесі  белсенді  және  интерактивті  әдістерін 
қолдану ұсынылады: 
- кластерлер мен графикалық органайзерлер құру: 
- пікірталастар жүргізу; 


194 
 
- тарихи оқиғаларды жобалау; 
- нақты жағдайды талдау; 
- проблемалық оқыту т.б.  
Тәрбиелік компонент  
Пән  мазмұны  ата-бабаларымыздың  бірегей  мәдениетін,  Қазақстанның 
әлемдік  тарихтағы  орны  мен  рөлін,  оның  әлемдік  өркениетке  қосқан  үлесін 
түсінуге, мүмкіндік береді. 
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар: 
- олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде; 
- оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде; 
- пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылардың  дербестігін  дамытуға  ықпал  етеді, 
зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын 
арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың 
теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет