Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет273/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   369
 
«География» 
пәні 
бойынша 
білім 
алушылардың 
біліміндегі 
олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар  
Жоспарлау  жұмысы.    2021-2022  оқу  жылында  «География»  пәні 
бойынша онлайн оқу жағдайындағы жіберілген білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын 
меңгерту  бағытында  мақсатты  шараларды  жыл  бойы  жүргізу  жолдары 
ұсынылады.  
2021-2022  оқу  жылында  білім  алушылардың  қашықтан  оқу  кезіндегі 
олқылықтарының  орнын  толықтыру  үшін  мүғалім  өз  пәні  бойынша 
кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жоспар дайындауы қажет.  
Оқу жылының басында білім алушылардың бағдарламаға сай тақырыптар 
бойынша түсінбеген тұстарын анықтап, сол тақырыптарды қайталау жолдарын 
қарастырады.  
Білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде 
және  қай  бөлімдерде  екенін  анықтап,  оны  қалай  толықтыруға,    іске  асыруға 
болатын тұстарын жоспарлау ұсынылады. 
Жүзеге  асыру  жолдары.  Оқушының  нені  және  қай  деңгейде  білетінін 
тесттер,  сауалнамалар  немесе  қарапайым  әңгімелесу  арқылы  анықтау 
ұсынылады.  Егер  оқушы  сабақта  таныс  жағдайларды  қайталаса  немесе 
сұрақтарға  бірнеше  рет  жауап  берсе,  бұл  сізге  кәсіби  маман  ретінде,  қандай 
дағдыларды  игергенін  көрсетеді  және  сіз  оқытуды  қандай  бағытта 
ұйымдастыруды болжауға мүмкіндік береді.   


270 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет