Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас тарту мәдениетіне тәрбиелеуі керек. Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік
нормаларымен таныстыру қажет.
Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі
ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-құлқы мәселелерін зерттеуге назар аудару керек.