Жүргізуші: Енді «Кім жүйрік» атты ойынға көшейік. Ойынның сұрақтары салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел және логикаға қатысты.
Сұрақтар: «Қызға қырық үйден тыйым» деген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндір.
Жауабы: Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
«Шілдехана» деген қандай дәстүр?
Жауабы: Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.
Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің
інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
"Тұсаукесер" деген қандай достүр?
Жауабы: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: Егер оны мұз етіп қатырса
«Қыздың жиған жүгіндей»
Жауабы: Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан.
Мақал-мәтелді жалғастыр: Өнерлінің қолы алтын, ...
Жауабы: өлеңшінің сөзі алтын
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Жауабы: 4
Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба?» деп сұрайтын?
Жауабы: Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.
Сүйінші дегеніміз не?
Жауабы: Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын.
(Балалар сұрақтарға жауап береді) Жүргізуші: Ал енді, балалар, біздер пародия жасамақ боламыз. Сендер сүйікті ұстаздарыңның қылықтарын сала аласыздар ма? Қане, көрейік!
(Балалар пародия салады)