Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет14/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 
«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін 
нәтижелер. 
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 
1) бастапқы географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық 
ұғымдарды; заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін; негізгі 
биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың мәнін; 
атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына 
қосқан үлесін; энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын; 
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік 
техникасының ережелерін; физикалық және химиялық шамалардың өлшем 
бірліктерін; механика (кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу 
физикасы (молекулалық физика және термодинамика), электр және магнитизм 
(электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магниттік өріс, 
электромагнитті индукция), оптика (геометриялық және толқындық), кванттық 
физика элементтері, атом физикасы, астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, 
формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; атом-
молекулалық ілімді, атомның құрылысы және элементтер қасиетін; химиялық 
таңбаларды; заттардың жіктелуін; химиялық және физикалық, биологиялық 
құбылыстарды; химиялық байланыс түрлерін және заттардың құрылысын; 
химиялық реакциялардың типін, жүру белгілерін және заңдылықтарын; 
бейорганикалық және органикалық қосылыстардың маңызды кластарын және 
олардың қасиеттерін; электролиттік диссоциация теориясын; химиялық 
элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйесінің құрылымын; 
Қазақстанның химия және металлургия өнеркәсіптерінің маңызды салаларын; 
микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін; өсімдіктер және 
жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін; 
өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын; тірі ағзалардың адам және 


38 
табиғи кешен үшін маңызын; эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын; 
сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; тірі 
ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адам іс-әрекетінің қоршаған 
ортаға әсерін; географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; 
географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, 
таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің 
жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын; географиялық қабық пен 
географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, 
дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және 
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің 
және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген 
өңірлер, елдер және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және 
салалық құрылымын, даму жағдайлары мен факторларын; халықаралық 
экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің 
түрлерін, құрылымын, функцияларын, орналасу факторлары мен даму серпінін; 
ғаламдық және өңірлік демографиялық проблемаларды; жекелеген аймақтардың, 
елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты 
ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси 
географиялық 
жағдайын, 
аумақтық-әкімшілік 
бөлінуін; 
Қазақстан 
аймақтарының 
табиғи-ресурстық 
әлеуетін; 
елдердің 
типологиясын; 
экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың 
түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі; 
2) шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм, 
оптика, атом физикасы, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын; 
биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі 
маңыздылығын; химиялық реакциялардың жүру жағдайларын; тотығу және 
қалпына келу процесін; органикалық және бейорганикалық заттар кластарының 
арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК Теориялық және қолданбалы 
химияның халықаралық одағы халықаралық номенклатурасын; химиялық 
өндірістің технологияларын және ғылыми қағидаттарын; микробиологияның 
медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын; 
жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді; 
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің 
функцияларын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу 
қағидаттарын; метаболизм процестерін; жаһандық және жергілікті экологиялық 
проблемаларды; жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін; 
табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, 
құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық 
кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен 
құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық 
ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси 
процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара 
әрекеттестігін; «Байқоңыр» ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық 
маңыздылығын түсінеді; [2] 


39 
3) тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды 
сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық 
ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу 
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; қолданбалы және оқу тапсырмаларын 
шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика, 
химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді 
ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; 
алынған білімдерін биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың 
жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; ағзалардың әртүрлі топтарын 
сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны; географиялық қабық пен 
географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын 
анықтау әдістерін; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және 
навигациялық дағдыларды қолданады; 
4) ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; 
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің 
сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; заттардың 
қасиеті мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты; адам 
ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін 
микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; биологиялық процестер 
мен құбылыстардың заңдылықтарын; тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің 
құрылысы мен функциясын; трансгендік технологияларды қолдануға 
байланысты 
проблемаларды; 
биогеоценоздағы 
заттар 
айналымының 
процестерін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен 
құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары 
саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; 
географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің 
ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның 
географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік 
дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен 
орнын талдайды; 
5) кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету 
үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және 
түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді; 
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, 
қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі 
табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды; 
6) жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды 
жүргізу кезіндегі тәуекелдерді, түрлі биологиялық, физикалық және химиялық 
процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; табиғи 
биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; өнеркәсіптің технологиялық 
қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға 
әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың 
маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық 
объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану 
дәрежесін бағалайды.[2] 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет