127
қиын. Бұл білім алушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы.
Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін. Мұндай
білім алушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар
ұсыну маңызды.
3-топ. Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар білім
алушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген,
үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау
негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды
қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, карточкада, слайдтарда,
таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі
міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс
қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр білім
алушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: