Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет22/58
Дата28.08.2023
өлшемі1,17 Mb.
#105616
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
Ресурс 6.1.3.1. Мектеп директор ротациялау-каз

8.
Мониторинг 
Білім беру ұйымдарының басшыларына ротация жүргізудің қажетті 
шарттарының бірі жүргізілген ротацияның тиімділігіне, яғни ротациядан өткен 
білім беру ұйымдарының басшылары қызметінің тиімділігіне мониторинг 
жүргізу болып табылады. 
Басшылар қызметінің тиімділігін мониторингтеудің негізгі мақсаттары 
мыналар болып табылады:
- басшылар қызметінің нәтижелілігін арттыру
білім беру ұйымдарын
басқару шешімдерін
- жалпы білім беру ұйымдары қызметінің нәтижелілігін арттыру
Көрсеткіштер, ақпарат жинау әдістері
Білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділігін бағалау мынадай 
бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
- басқарылатын ұйым қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігі;
- ұйымның ақпараттық ашықтығы; - білім беру үдерісін ұйымдастыру 
сапасы;
- білім алушылардың білім беру, тәрбие және әлеуметтік-мәдени 
қызметінің сапасы;
- білім беру нәтижелерінің сапасы;
- инновациялық қызмет;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын қамтамасыз ету;
- республикалық және өңірлік бағдарламаларға, жобаларға қатысу 
нәтижелері;
- басшының жеке жетістіктері. 
Білім беру ұйымдары басшыларының тиімділігін дұрыс салыстыруды 
қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының типіне қарай топтарға бөлінеді. 
Білім беру ұйымдары басшыларының қызметі туралы деректер сауалнама 
жүргізу және алынған деректерді статистикалық өңдеу әдістерімен алынады.
Білім беру ұйымдары басшыларының тиімділік көрсеткіштерін бағалау 
және талдау:
- білім беру ұйымдары басшыларының сауалнамасы;
- аттестатталған басшылар мен педагог қызметкерлердің мониторингі;
- білім беру ұйымдары басшыларының жеке жетістіктерінің мониторингі;
- білім беру ұйымының республикалық және өңірлік бағдарламаларға, 
жобаларға қатысуын мониторингілеу;
- білім беру сапасын тәуелсіз бағалау;


37 
- білім беру ұйымдарының ішкі аудиті;
- оқу қызметі қорытындыларының мониторингі (білім беру сапасының 
республикалық орта көрсеткіштері)
- Білім беру ұйымының республикалық және өңірлік бағдарламаларға, 
жобаларға қатысуы бойынша талдамалық анықтама;
- білім беру ұйымдары басшыларының жеке жетістіктері бойынша 
талдамалық анықтама. 
Білім беру ұйымдары басшыларының тиімділігін қорытынды бағалау білім 
беру ұйымдарының тиісті тобы үшін әрбір көрсеткіш бойынша баллдарды қосу 
жолымен айқындалады (3-қосымша). 
Жиналған баллдардың сомасына байланысты тиімділік нәтижесі 
сараланады және білім беру ұйымы басшысы қызметінің тиімділік дәрежесі 
айқындалады.
Тиімділік дәрежесі:
- білім беру ұйымы басшысының жоғары тиімділігі (ең жоғары балл 
санынан 90-100%)
- білім беру ұйымы басшысының тиімділігінің орташа дәрежесі (ең жоғары 
балл санынан 89-75%);
- тиімсіз басшы (ең жоғары балл санының 74% - ынан кем) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет