Интеллектуалды ойындар
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған баланың ақыл-ойының жетілуіне, танымының кеңеюіне ықпал ететін «Интеллектум» интеллектуалдық дамыту ойындарының кешені бізді, яғни бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларын қуанышқа бөлеп отыр.
Бұл оқу-тәрбие ісінде дидактикалық өнім. Кешендік құрамы бірнеше ойын топтамалырынан, әдістемелік құралы мен әр баланың жеке дамуын қадағалаудан тұратын жұмыс дәптерлерінен тұрады .
Сондықтан баланың жас және жеке ерекшелігіне қарап интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін біртұтас кешенді жүйе «Интелектум» ойын техникасы деп аталады .
17 елден 32 ойын түрі таңдалған . Тәжрибе көрсеткендей интеллектісі осылай дамыған баланың болашақта білікті стратек, табысты кәсіпкер болып шығуын болжайды.
Интеллектум ойынында балалардың ойлауын дамыту 4 бағытта қарастырылады .
Ойлау
Осыған орай, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының басшысы Орынбеков Арман Шымбайұлының бастамасымен Интеллектум фирмасының оқушының ой-өрісін, логикасын дамытатын түрлі ойындары мектепке алынған болатын. 40-қа жуық мұғалім арнайы дайындықтан өтіп, сертификатталды. Алдымен, логикалық ойындарды өздері меңгерген ұстаздар қазір балаларға үйрету үстінде.
Осындай сабақтардың бірін бастауыш сынып мұғалімдері Даулетбахова Кулшекра, Тургунбаева Райхан "Интеллектум ойындары" тақырыбында өткізді (сурет1).
1-сурет. «Интеллектум ойындары» тақырыбындағы сабақ барысы
Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың тез ойлау, шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіре отырып, математикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету. Сондай-ақ, барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы, жүйелі түрде қалыптастыру.
Интеллектум қосымша білім беру орталығының, ақыл-ойды дамытатын ойындар жүйесінде ойналатын 30 ойынның 15-ін біз бастауыш сыныптарда күнделікті сабақ барысында да қолданамыз. Ойындар даму деңгейлеріне қарай оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған. Олар:
Жеке ойындар
1. EQUILIBRIO
2. METAFORMS
3. ARCHITECTO
4. TANGRAMLAR SETI
5. 3D building models
Жұптық ойындар
1. KULAMI
2. MANGALA
3. REVERSI
4. SIX
Топтық ойындар
1. «Сәулетші»
2. SKIPPITY
3. Q-BITZ
4. QWIRKLE
5. LOOK LOOK
6. DIZIOS
Бұл ойында ерте жастан конструкциялауға , яғни құрастыруға бейімделеді. Жоспар құруға , өлшеуге , салыстыруға, сәйкестендіруге , үлгіге қарап немесе өз қиялындағы бейнені құрастыруға жаттығады . Құрастырған затын сипаттауға, сыныптастарымен бірге талдауға үйренеді.
Бұл топтық ойын. Топтық жұмыста адамгершілік, көмектесу, бір-біріне қолдау көрсету сияқты адами қасиеттері қалыптасады.
Негізгі дағдылары: Визуалды қабылдау, ойлау, психомоторика, математикалық, стратегиялық және анализ жасау дағдылары мен креативті ойлау қабілеттері қалыптасады.
Сонымен қатар, ойын барысында оқушыларда жоспарлау, пішіндерді ажырата білу, өлшеу, мәселені оңтайлы шешу, ұжыммен қарым-қатынас жасай білу сынды дағдылары жетіледі. Жасалатын әр тапсырма, әр жаттығу балаларға байқауды қабылдауды, кеңістікті тану мен уақытты мөлшерлеуді және басқа да әр түрлі шешім жолдарын қарастыруды үйретеді. Сондай-ақ балалардың қиял әлемін шарықтатып, шығармашылық тұрғыдан ойлау кеңістігін кеңейтеді.
Әрбір ойын түрінде жұмыс оқулықтары бірге қарастырылған. Кітап балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Құрастырылатын суреттер қарапайымнан бастап , біртіндеп күрделене түседі. Кітап құрамындағы тапсырмалар әлемнің ең үздік дамытушы ойындарына негізделген. Бағдарлама 34 сағатқа арналған. Кітаптағы тапсырмалар мазмұны балалардың таным процесстерін дамытуға және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Әр сыныпқа арналған кітап мазмұны, әр баланың жас ерекшелігіне сай жүзеге асырылуда...