Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм



бет4/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;
2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере алады.
Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі
Бихевиоризм - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт
Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу..
Босқындар – қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.
Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу. 
Буржуазиялық-демократиялық партиялар - ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет