БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ 1-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН
«ЕҢБЕККЕБАУЛУ»ПӘНІНЕНҮЛГІЛІКОҚУБАҒДАРЛАМАСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
«Еңбекке баулу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
«Еңбекке баулу» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік- технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
«Еңбекке баулу» пәнін меңгерудің пәндік нәтижелері еңбектің адам өміріндегі шығармашылық және адамгершілік мәні туралы алғашқы түсініктерді, материалдар мен олардың қасиеттері, жобалау, модельдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп белгілейді.
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту;
ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру;
бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру;
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, рөлін түсіндіру;
өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық»,
«өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.