Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып, «2.1» – бөлім мен бөлімше, «1» – оқу мақсатының реттік нөмірі.
Оқу мақсаттарының жүйесі:
1-бөлім «Шығармашылық идеяларды білу және тану»:
Бөлімшелер
1-сынып
1.1 Материалдың түрі мен қасиетін білу және түсіну
Осы оқу бағдарламасы бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Еңбекке баулу» оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын 1-қосымшасындағы ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.