«Құқық негіздері» пәні бойынша келесі элективтік курс тақырыптары ұсынылады: 9-11 сынып оқушыларына арналған «ҚазақстанРеспубликасындағынегізгіқоғамдықпроцестердіқұқықтықреттеунегіздері»курсы; «Қазіргізаманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу» элективті курсы; «Экологиялыққұқық-қоршағанортанықорғаудыңқұқықтықмеханизмі»элективті курсы;
«Құқықтықақпараттандыру»элективті курсы; «ҚұқықнегіздерібойыншаПрактикум» элективті курсы.
Көрсетілген элективті курстарды әзірлеу және оқу кезінде жобалық оқытуға (жобалық және жүйелік ойлауды дамыту үшін) сүйену, сондай-ақ практикалық тапсырмалардың үлкен санын көздеу қажет.
«Құқық негіздері» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіндеқарастырылатынәдістемеліктақырыптар 9-11 сыныптардағы «Құқық негіздері» пәні сабақтарында жобалық және жүйелік ойлауды дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері;
«Құқық негіздері» пәні сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері;
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері;
Қалыптастырушы бағалауға арналған практикалық және ситуациялық тапсырмалар базасын қалыптастыру;
«Құқық негіздері» пәні бойынша цифрлық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
Білім алушылардың диалог және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдері;
Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру;
«Құқық негіздері» пәні бойынша жаһандық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
«Құқық негіздері» пәні бойынша экологиялық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;
Білім алушылардың сыни ойлау деңгейін арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдері.
«Құқықнегіздері»пәнібойыншаоқулықтардың,оқу-әдістемеліккешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оныңішіндеэлектрондықтасымалдауқұралдарытізбесі
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.
«Құқық негіздері» пәні мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелікәлеуетінарттыру
«Құқық негіздері» бойынша сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:
«Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
«Дебат» қозғалысы;
«Оқуға құштар мектеп»;
«Отбасы – мектеп»;
«Құқықтық сана – қауымға пана»;
«Еңбек – елдің мұраты»;
ЖобаматериалдарыЫ.АлтынсаринатындағыҰлттықбілімакадемиясыныңсайтындаорналастырылғанhttps://www.nao.kz). Тәрбиебағытыныңбірі–білімалушылардықұқықтықтәрбиелеу.
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық.
Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік нормаларымен таныстыру қажет. Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-құлқымәселелерін зерттеугеназараударуұсынылады.