Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет140/156
Дата15.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#123004
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   156
Шағын жинақты мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын жинақты мектеп білім алушыларының бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды, табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.


Шағын жинақты мектептерде:
«Қоғамға қызмет» волонтерлық балалар қозғалысы әлеуметтік жобасын дамыту «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес»,
«Адамдарға қуаныш сыйла» акцияларын өткізу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастару мақсатында:
«Жемқорлық қоғам індеті», «Жемқорлықтың тарихи тамыры», «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер», «Адам құқығы мен құқық» сынып сағаттары мен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру ұсынылады.
Шағын жинақты мектептерде отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады. Бұнда: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, аналар, әкелер кеңесі сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру қажет.
Шағын жинақты мектептерде патриотизм, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуда әскери-патриоттық клубтар жүйелері, оның ішінде
«Жасұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, «Туған елге тағзым» өлкетанулық – зерттеу экспедициясы жұмыстары, білім алушылармен Қазақстанның киелі жерлеріне саяхаттар мен экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.
Шағын жинақты мектептегі тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
ШЖМ педагогі жұмысының басымдығы:

  • балалардың саны аз болғандықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруға, отбасын жақсы тануына мүмкіндігі жоғары;

  • педагог жеке өздік жұмысқа арналған тапсырмаларын толық іріктеуге мүмкіндігі бар;

  • оқушылардың тәртіп бұзушылығы төмен;

  • оқушылар бірінші сыныптан бастап, өздігінен жұмыс жасауға бейімделеді;

  • бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан 3-4-сынып оқушылары өздерінен төмен сынып оқушыларына көмек береді;

  • әрбір білім алушының тәрбиелік деңгейін анықтап, олардың қабілет дағдыларын дамытуға мүмкіндігі жоғары;

  • сыныптардағы ата-аналар жиналысы бірге өткізіледі.

  • мектепішілік тәрбие шараларына 1-4-сынып оқушылары түгел қатысып отырады.

  • білім алушылардың бірін-бірі, өзін-өзі тексеруі, бағалауы жүзеге асырылады;

  • 3-4 бастауыш сынып оқушысы өздерінен төмен сыныптың жұмысын тексеріп, көмектесу арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.

Тірек мектептері мен магниттік мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақты мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақты мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжеткізуді қамтамасыз етеді.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) аудандық (қалалық) әкімдіктің қаулысымен материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базалар мен кадрлық ресурстар болған жағдайда жалпы білім беретін мектептің базасында құрылады. Магнитті ШЖМ-лар аудандық (қалалық) білім бөлімінің бұйрығымен тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет