Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет146/156
Дата15.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#123004
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   156
Жалпы орта білім деңгейі
Арнайы мектептер жағдайында көру, есту, тірек-қимыл аппаратында кемдігі бар оқушылар 11-12 сыныптарда жалпы орта білім алады. Екі бағыт бойынша бейіндік оқыту жүзеге асырылуда: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Бір немесе екі бағытты да таңдауды мектеп оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұрауын ескере отырып жүзеге асырады.
Оқу процесінің компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен арнайы сабақтарда қамтамасыз етіледі. Сабақтар топтық және жеке өткізіледі:

    1. көру қабілеті нашар білім алушылармен:

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда (ТҚҚ);

  • кеңістіктік бағдарлау;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы.

    1. тірек-қимыл аппаратының кемдігі бар білім алушылармен:

  • емдік дене шынықтыру;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;

    1. есту қабілеті нашар білім алушылармен:

  • айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту;

  • ауызекі тіл дамыту;

  • ымдау тілін үйрену.

Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі
Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Қалыптастырушы бағалау процесінде мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңудің жолдарын анықтайды.
Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және жеке бақылау тапсырмаларын қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.
Арнайы мектептерде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру»,
«Өзін-өзі тану», «Мінез-құлық мәдениеті», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»,
«Графика және жобалау» пәндері бойынша «сыналды» / «сыналмады» қойылады.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген студенттердің педагогикалық классификациясына негізделеді (В.В. Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде әр түрлі типологиялық топтағы оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 1-сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы ілгерілеу нәтижесі оқушылардың өнімді іс-әрекетін, сөйлеу, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс-әрекеттерді бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және сипаттамалық сипатта
болады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқыту мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. (Ақыл- есі кем диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ сайтынан табуға болады. www.nao.kz).
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесі мен олар оқыған оқу материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет