Ұлы Даламызда ұлттық сөздің туын көтерген тұлғалар аз болған жоқ. Арғы кезеңнен жеткен жыраулық сарын мен ақындық айдынды екі қоғамдық формацияның кезеңінде ара жігін білдірмей, сөз жүйесін бүлдірмей, түгел сөздің түбі бір қасиетін барынша көрсеткен ұлы жырау-ақын Жамбылдың даңқы қазақ халқының мерейі мен мәртебесі болды. Сыналар жерге келгенде санадан сөз суы- рып, елдің еңсесін, тыңдаушының танымын биікке көтерген Жамбылдың әр кезеңдегі мерейтойлары халықтық қазына ретінде аталып келеді. Ұрпақтар сабақтастығын ұлы өнерімен жалғаған жыраудың соңында қалдырған мол мұрасы қай кезде де ұлтымыздың рухани қазынасы екені дау- сыз. Сондықтан Жамбыл туралы сөз – қазақ сөзінің қасиеті туралы сөз. Тәуелсіздігіміздің салтанатты 30 жылдық мерекесі қарсаңында аталып өтер үлкен игі-шараның бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы. Жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевқа деген қазақ халқының шексіз құрметін, ыстық ықыласы мен ілтипатын тәуелсіздік идеясы тұрғысынан қайта сараптап, зерделеудің уақыты келді. Ақын қалдырған атақты әдеби мұралардың алтын арқауын саралағанда олардың өн бойынан азаттық ойдың ұшқыны айқын көрінеді. жұлдызы Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының қай жанрында жырласа да, өзінің дария диапозонды тынысымен тереңнен тербеп, шалқар шабыты- мен шымырлап ағатын дария сынды талант иесі. Ақын шығармашылығы парасатқа, философиялық терең ұлттық құндылықтарға өте бай. Халық поэзиясы қандай құнарлы болса, сол қайнардан қанып ішкен оның өлеңдері