Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары



бет3/7
Дата02.12.2023
өлшемі88,97 Kb.
#132224
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15 лек Қазақстан Республикасының сыртқы саясат және халықаралық қатынастары

Қазақстан мен Қытай
Толық мақаласы: Қазақстан — Қытай қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда белгіленді. Мұнайгаз саласына ірі инвестициялар, Қытай компанияларының Қазақстан экономикасының басқа салаларына тұрақты қатысуы бұған мысал бола алады. Екі елдің аумағында әртүрлі деңгейдегі дипломатиялық өкілдіктер бар:
Қазақстан Республикасында Қытай Халық Республикасының өкілдігі бар:
Астана (Қытай Халық Республикасының Елшілігі)
Алматы (Бас консулдық)
Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының өкілдігі бар:
Пекин (Қазақстан Республикасының Елшілігі)
Гонконг (Бас консулдық)
Шанхай (Бас консулдық)
Үрімші (төлқұжат-виза қызметі)
Қазақстан және Ресей
Толық мақаласы: Қазақстан — Ресей қатынастары
Қазақстан Республикасының солтүстік көршісімен дипломатиялық қатынастары 1992 жылғы 22 қазанда орнатылды. Екі мемлекет посткеңестік елдердің де, жақын және алыс шет елдердің де аумағын қамтитын көптеген халықаралық ұйымдар мен шарттар шеңберінде өзара қарым-қатынастарды дамытады. Олардың негізгілері БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей Кеден одағы.
Екі елдің аумағында әртүрлі деңгейдегі дипломатиялық өкілдіктер бар:
Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының өкілдігі бар:
  • Астана (Ресей Федерациясының Елшілігі)
  • Алматы (Бас консулдық)
  • Орал (Бас консулдық)
  • Өскемен (Бас консулдық)

  • Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының өкілдігі бар:
  • Мәскеу (Қазақстан Республикасының Елшілігі)
  • Санкт-Петербург (Бас консулдық)
  • Омбы (Консулдық)
  • Астрахань (Консулдық)

Халықаралық қатыснастар

  • Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет