Қазақстан территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 300 км созылып жатыр. Ал солтүстік Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау тізбегі орналасқан. Маңғыстаудың шығысында үстірт қыраты (340 м) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Торғай қыраты (200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына (53-332 м) ұласады. Арал теңізінен солтүстікке қарай үлкен жіне Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр. Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады. Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілімдері, Тарбағатай және Жоңғар Алатауының (4463 м) жоталары орналасқан. Сонымен бірге, Тянь-Шаньнің жоталары: Кетпек (3638 м), Шу-Іле таулары (1520 м), Іле Алатауы (7973 м), Қырғыз жотасы (3817 м), Талас Алатауы (4488 м) және Қаратау (2176 м) орналасқан.